БАСТЫ БЕТ

ҚЫМБАТТЫ СТУДЕНТ!

Сіз Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжінің студенті болдыңыз.

Колледж миссиясы – Қазақстан экономикасының өндірістік деңгейін көтеруге қабілетті, теориялық  және практикалық дағдыларды жетік игерген, адамгершілік қасиеттері жоғары, бәсекеге қабілетті мамандар дайындау.

Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжінің барлық студенттерді орта буын маманы ету үшін, білім беру кеңістігінде ғаламдық, инновациялық, диверсификациялық және интеграциялық жағдай жасау міндеттемесін алға қойған.  Міндеттемені іске асыру үшін біздің студенттер:

           – ар-намыс Кодексі мен біздің дәстүрді ұстануын;

           – белгіленген оқу жұмыс жоспарын мерзімінде орындауын;

           – ғылымға қызығушылық танытуын;

           – жастар ұйымы жұмысына қатысуын қалайды.

     Колледж өзінің алқалық рухымен және студенттердің бірі-бірін құрметтеумен ерекшеленеді. Біздің мақсатымыз сіздердің жеке тұлғалық қабілеттеріңіз бен потенциалдарыңызды, мүмкіндіктеріңізді жүзеге асыру. Біздің ұстанымыз өзара сенімділікке жұмыс жасау және оны біздің басқару жүйе шеңберінде көрсету.

Колледж жұмысының жетістігі біздің ішкі мәдениеттілігімізбен анықталады. Біздің негізгі байлық пен үміт колледж сипатын анықтайды және шешім қабылдауда негізгі критерийі болып табылады.

        Колледж сіздер үшін таңдаған мамандықтарыңыз бойынша ойдағыдай және шығармашылық оқуға барлық жағдай жасайды.

Бірінші күннен сіздермен топ кураторы жұмыс жасайды, ол оқу траекториясын анықтауға, сіздің мүддеңізді іске асыруға, сіздің мүддеңізді бағалауға, жетістікке жету қабілетіңізді бағалауға, курстарды таңдауға және курсты меңгеру барысында туындаған барлық мәселелерді шешуге көмек береді.

Жеке жұмыстарды тәлімгер ретінде өндірістік оқу шебері жүргізеді, ол сіздің студент ретінде рөліңізді түсінуге және жаңа жағдайға қалыптасуға көмек береді.

Біз сіздерді осы міндеттерді іске асыруға көмек береді және түсінеді деп сенеміз.

 Қош келдіңіздер!

 

Колледж тарихы

Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжінің тарихы сонау 1998 жылдан, осы Байқоңыр қаласында Қазақстан-Ресей Халықаралық Университетінің филиалы ашылғаннан бері басталады.

Яғни, Алматы қаласындағы Қазақстан-Ресей Халықаралық Университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық машина жасау жəне көлік ғылым академиясының, Ресей Халықаралық көлік академиясының академигі, ғалым, өз елінің патриоты Серғазы Ахметұлы Джиенкулов 1998 жылы осы Байқоңыр қаласында ең алғаш қазақстандық   университеттің филиалын ашқан болатын.

2004 жылы академик Серғазы Ахметұлы Джиенкуловтың басшылығымен осы университеттің базасында Байқоңыр «Космос» колледжі ашылды.

2016 жылдың 5 шілдесіндегі №54 бұйрық негізінде «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» білім мекемесі болып аталады.

Қазіргі таңда Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі 8 мамандық бойынша білікті мамандар даярлауда.

  • 0201000 – «Құқықтану» мамандығы, біліктілігі Заңгер-кеңесші.

  • 0518000 – «Есеп және аудит» мамандығы, біліктілігі – экономист-бухгалтер;

  • 1108000 – “Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану техникалық қызмет көрсету» мамандығы, біліктілігі – электромеханик;

  • 1201000 – «Автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету» мамандығы, біліктілігі – техник-механик;

  • 1401000 – «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану» мамандығы, біліктілігі – құрылыс технигі;

  • 1309000 – «Оптикалық және электронды құрал-жабдықтар» мамандығы, біліктілігі – байланыс технигі.

  • 12110000 «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы, біліктілігі- тігінші

  • 051000 – «Туризм» (салалары бойынша) мамандығы, біліктілігі – турис агенті

2011 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында бірінші рет колледжге 50 орын грант бөлінген болатын. Қазіргі таңда колледжде білім алып жатқан 382 студенттің 296 мемлекеттік тапсырыс негізінде оқитын грант иегерлері. Елбасының «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына сәйкес «Туризм» «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу»  мамандықтары бойынша  50 бала  аудандық комиссиялардың жолдамалары арқылы оқуға қабылданса, «Сылақшы», «Қаптаушы-тасшы», «Тігінші» біліктілігі бойынша қысқа мерзімді курстарда да жолдама арқылы келген жұмыссыз азаматтар оқытылуда.

Колледжіміз ең алғашқы түлектерін 2007 жылы қанаттандырды.

Айрықша қуантарлығы бітіруші түлектердің 100 пайызы Кәсіби біліктілікті тәуелсіз бағалау – кешенді тестілеуден  сүрінбей өтіп, өз біліктіліктерін растап, нәтижесінде «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының» СЕРТИФИКАТЫН мемлекеттік үлгідегі ДИПЛОМҒА қоса алып шықты.

Дипломмен бірге Кәсіби біліктілікті тәуелсіз бағалау СЕРТИФИКАТЫН алған түлектеріміз тек Қазақстан Республикасында ғана емес, сонымен қатар Ресейдің де түкпір-түкпірінде сәтті жұмысқа орналасып, еңбектерінің жемісін көруде.

Яғни, Байқоңыр «Космос» колледжінің мемлекеттік үлгіде берілген дипломын Ресей Федерациясының орта кәсіптік-техникалық білім жөніндегі дипломына теңбе-тең екенін ресми растағаны жайлы  Ресей Федерациясы Білім және Ғылым министрлігінің берген нақты куәлігі. Ия, біздің  колледжіміздің дипломымен Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресейде де жұмысқа орналасуға болады.

«Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» білім мекемесінің миссиясы – Қазақстан экономикасының өндірістік деңгейін көтеруге қабілетті, теориялық және практикалық дағдыларды жетік игерген, адамгершілік қасиеттері жоғары, бәсекеге қабілетті мамандар дайындау.

 Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжін 2004 жылдан бері Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, жалпы техникалық мамандығы бойынша Қазақстан-Ресей Халықаралық Университетінің профессоры, Қазақстан Республикасының Ұлттық Машина Жасау және Көлік Ғылым Академиясының академигі  Дауленбаев Ануар ағай басқарып келеді.

              Кәсіби құзырлы маман иесін даярлауда тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, оқытудың жаңа технологияларын меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін колледждің педагогикалық ұжымы қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға үнемі қатысып, шеберліктерін шыңдаудан шаршаған емес.

Колледж оқытушыларының 100 пайызы «Нәтижеге бағытталған білім беруде оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану» және «Модульдік оқыту технологиясы» тақырыптарында білімін жетілдіру курсынан өтті