Аккредитация 

2019 жылдың 22 сәуірінде «Білім беру сапасын қамсыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігімен» (НКАОКО) жүргізілген институционалды және мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтіп, растайтын куәлік алды (IA-B №111, 22.04.2019 ж.).

         Жылдармен жаңаланып, ақпараттар ағымына ілесіп, заман талабынан көрініп жүрген облыстағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының бірі – Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі.

         Колледж ұжымы заманауи үдерістерге үн қосып, республика деңгейіндегі жобаларды оқу процесіне енгізу арқылы болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін қамтамасыз етіп, рухани-адамгершілік құндылықтар аясында тәрбиелеуге ерекше назар аударады.

         Болашақ мамандарға сапалы білім алуға жағдай туғызу мақсатында колледждің материалдық-техникалық базасы үнемі жетілдірілуде. Білімді ақпараттандыру бүгінгі таңда білім беру жүйесін жаңартудың негізгі жолдарының бірі ретінде қарастырылады. Оқу кабинеттері жаңа технологиялық, ақпараттық құралдармен жабдықталған.