«Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжіінің»

оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен білім алушыларының

АР-НАМЫС КОДЕКСІ

КІРІСПЕ

«Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» мекемесінің (Байқоңыр қаласы) әрі қарай «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен білім алушыларының Ар-намыс Кодексі Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының (соңғы өзгеріс және толықтырулары  мен) 43 бабы 3 тармағына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің м.а. Т.Балықбаевтың «Педогогикалық» әдеп қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 08-қаңтардағы №9 бұйрығына сәйкес қабылданды.  «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжінің» оқытушылары, қызметкерлері мен білім алушылары:

Ар-намыс кодексін сақтауға шешім қабылдағанын мәлімдейді, осы

мақсатта педогог пен техникалық және кәсіптік  білім беру ұйымы білім алушысының мәртебесіне лайық емес барлық мүмкін болған көріністерден бас тартады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын, Жарғысы мен «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» директорының бұйрықтары мен өкімдерін құрметтейді және қатаң сақтайды;

«Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжінің»  биік мәртебесін қолдайды, әрі оның іскерлік беделі мен имиджін нығайтуға ұмтылады;

колледж дәстүрін құрметтейді, әрі ұлғайта түседі;

басқа адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиеттерінің тапталуына, оларға моральдық және материалдық зиян келтірілуіне, заңға қайшы әрекеттер жасалуына жол бермейді;

діни, нәсілдік, ұлттық алауыздыққа қарсы тұрады және кез келген қатынаста төзімділік танытады;

өздеріне «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжінің» оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен білім алушыларының Ар-намыс Кодексі (әрі қарай Кодекс) ережелерін сақтауға міндеттеме қабылдайды.

 

1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Осы Кодекс корпоративтік мәдениеттің негізгі ережелерін анықтайды және «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» оқытушылары, қызметкерлері және білім алушыларының тәртіп нормаларының жиынтығын белгілейді.

1.2. Осы кодекстің барлық нормаларын жүзеге асырудағы басты мақсат «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжінің» корпоративтік мәдениетін нығайту, Қазақстан Республикасы мен шетелдегі білім беру кеңістігінде оның беделін арттыру.

1.3. Осы Кодекстің міндеттері:

«Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» мүшелерінің бойында құрмет, теңдік, әріптестік және өзара қолдау негізінде құрылған корпоративтік мәдениетті дамытуға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

«Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» қатынасы бойынша сыртқы құрылымдармен (жергілікті мемлекеттік органдар, іскер әріптестер, бәсекелестер БАҚ және т.б) өзара қарым-қатынастың этикалық нормаларының орындалуын ескере отырып, педагогикалық ұжым мен білім алушы ортадағы өзара қарым-қатынас қағидаларын анықтау;

білім алушылар мен қызметкерлерге колледждің миссиясын жүзеге асырудағы олардың атқаратын рөлі мен өз міндеттерін орындаудығы дербес жауапкершілігін түсіндіру.

1.4. Кодекс колледжде қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға, оқытушылар,қызметкерлер мен білім алушылардың қызмет тиімділігін арттыруға ықпал етуге арналған.

1.5. Колледждің әрбір оқытушысы, қызметкері мен білім алушысы осы Кодекстің нормаларын мүлтіксіз сақтай отырып, колледждің имиджі мен іскерлік беделін нығайтуға өз үлесін қосады.

1.6.  Осы Кодекс ҚР Конститутциясы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы «Ғылым туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарғы арналған Білім беруді дамыту бағдарламасы, «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» Жарғысы, сондай-ақ жалпыға танымал:

1.7. Кодекс колледж ұжымының барлық мүшелері танысып, Педагогикалық кеңесте бекітілген соң күшіне енеді, Педагогикалық кеңестің шешімімен өзгертілуі және толықтырулары мүмкін.

1.8. Осы Кодекстің нормалары мен ережелерін бұзу колледж ұжымының қоғамдық пікірімен айыпталады. Айрықша маңызды жағдайларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік шара қолданылуы мүмкін.

 

2.ҚАҒИДАЛАР, НОРМАЛАР МЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАР

2.1. «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжінің» қызметі келесі қағидаларға негізделеді:

2.1.1. Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» өз оқытушыларын, қызметкерлері мен білім алушыларын бағалайды,  әрі құрметтейді, әрқашан ең білім алушыларын бағалайды, әрі құрметтейді, әрқашан ең жоғары этикалық стандарттарға сәйкес әрекет етеді;

2.1.2. «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың кез келген көріністеріне төзбейді;

2.1.3. «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» ұлттық және жалпы адами құндылықтарды ұстанады, сақтайды, әрі дамытады;

2.1.4. «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» өскелең ұрпақты жоғары азааттық жауапкершілікке, патриотизмге, адамгершілікке тәрбиелеуге ұмтылады.

2.1.5. «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» креативтілікке, инновациялылыққа және оқытушылардың, қызметкерлер мен білім алушылардың әріптестігіне бағаланған.

2.1.6. «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» бәсекеге қабілеттілікті, әлемдік білім кеңістігіне интеграциялануды, өзгерістер мен инновацияларға ашықтықты, шығармашылық ізденіс пен зерттеулерге тұрақты бағдарлануды, адалдықты өзінің басты корпоративтік құндылықтары ретінде жариялайды.

Педагог қызметкер өз қызметінде:

білім алушылар мен тәрбиеленушілерді ата –аналарына, этно-мәдени құндылықтарға құрмет көрсетуге  қоршаған әлемге ұқыпты қарауға, жоғары адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды;

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерінің жоғары атағының беделін түсіруге мүмкіндік туғызатын іс-әрекеттерді жасауға жол бермейді;

өзінің қызметтік міндетін адал және сапалы орындайды;

өзінің кәсіби шеберлігін  үздіксіз жетілдіреді, өз бетінше білім алу және өзін-өзі жетілдірумен белсенді түрде, айналысады;

еңбек тәртібін бұлжытпай сақтайды;

білім беру ұйымының мүлкіне ұқыпты қарайды және оны жеке мақсатта пайдаланбайды;

сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар  қабылдайды,  өзінің шыншыл, адал және мінез құлқы мен, үлгі болады;

қызметтік ақпараттарды пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермейді;

өзі үлгі бола отырып, ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай қалыптастыруға мүмкіндік жасайды;

өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде іскерліккиім, үлгісінде болады;

Білім беру процесінде қатысушыларен қарым-қатынас жасауда педагог қызметкер:

жасанды, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық дәне мүліктік жағдайларына немесе кез-келген өзге де мәнжайларға қарамастан адамның құқығын, абыройы мен қадыр-қасиетін, құрметтейді;

білім беру процесіне қатысушыларға қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактілеріне жол бермейді, өз әріптестері тарапынан осындай іс-әрекетті болдфрмау үшін күш салады;

өз іс-әрекетімен қоғам тарапынан дәлелді сындарға жол бермейді, оған сабырлылықпен қарайды, өзінің кәсіби қызметіндегі кемшіліктерді жою және оны жақсарту үшін сындарлы сынды пайдаланады;

білім беру процесінің қатысушыларына кәсіби қолдау көрсетеді.

Әріптестермен қарым-қатынас жасауда педагог қызметкер:

 жалпы қабылданған адамгершілік, әдептілік нормаларын, сыпайылық пен биязылықты сақтайды;

 басқа педагог қызметкердің кәсіби біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтірмейді.

 

3. «АКАДЕМИК С.А.ДЖИЕНКУЛОВ АТЫНДАҒЫ БАЙҚОҢЫР КОЛЛЕДЖІНІҢ» КОРПОРАТИВТІК МӘДЕНИЕТІ

3.1. Оқытушылар, қызметкерлер мен білім алушылардың корпоративтік тәртіп этикасы

3.1.1. «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжінің» оқытушылары, қызметкерлері мен білім алушылары ар-намыс пен қадір-қасиеті арқылы колледждің биік мәртебесін ұстануға, өз еңбегімен «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжінің» бір мүшесі деген жоғары атақты ақтауға тиіс.

3.1.2. Өз міндетін орындай отырып, ауызбіршілік, ізгі ниеттілік, жолдастық сезімді, өзара түсіністік пен өзара  көмекті, бір-біріне деген сенімді көрсетуі және ұжымда жоғары адамгершілік қатынасын сақтауы қажет. Оқытушылар, қызметкерлер мен білім алушылардың ар-намысы мен қадір-қасиеті өнегелі салауатты өмір салтының ажырамас бөлігі.

3.1.3. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27  шілдесіндегі «Білім туралы Заңының 28 бабы 3 тармағына сәйкес оқытушылар, қызметкерлер мен білім алушылар дінге қатыстылығы мен айрық-шалығын білдірмейтін зайырлы, іскер киім стилін ұстануға міндетті.

3.1.4.  Жұмыс және сабақ уақытында оқытушылардың, қызметкерлер мен білім алушылардың киімінде кез келген субмәдениетке қатыстылығын білдіретін белгілердің боламауы қатаң талап етіледі.

Колледжге спорт костюмін және спорттық аяқкиім киіп келугетиым салынады.Жағасы кең ойылған киім киюге, иықты жалаңаштап, арқа мен ішін көрсетіп, шалбарды шамадан тыс төмен түсіріп жүруге,  ішінен көрінетін киім киюге, шамадан тыс әшекей тағынуға болмайды.

3.1.5. Колледжде «сіз»  деген сыпайы қатынас жасалады. Балағат сөздерді пайдалануға болмайды. Жұртшылық алдында жанжалдасуға, болмайды.

3.1.6. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында оқу орнының қауіпсіздік қызметі ұйымдастырған рұқсат беру жүйесі  қолданылады. Кірушілер қызметтік куәлігі мен студентік билеттерін ашып көрсетге тиіс.

3.1.7. Оқу сабақтары кезінде оқытушылардың, сонымен қатар білім алушылардың барлық ұялы байланыстары міндетті түрде өшірілуі тиіс. Ресми іс-шаралар кезінде (жиналыс, жиын, отырыс) ұялы телефонның дыбыстық сигналын өшірп қою керек.

3.1.8. Түрлі іс-шараларда (жиналыстарда, салтанатты отырыстарда), іскерлік кездесулерге, концерттерде...

3.2. Білім алушылар арасындағы өзара-қарым қатынас

3.2.1. Барлық білім алушылардың басшылыққа алатын негізгі қағидасы  студенттік қауым мүшелері арасында өзара құрмет, әділдік пен адалдық таныту.

3.2.2. Білім алушылардың арасындағы өзара қарым-қатынас өзара құрмет негізгінде құрылады, ар-намыс пен қадір-қасиетті таптауға, моральдық немесе материалдық зиян келтіруге, заңға қайшы әрекеттер жасауға жол берілмейді.

3.2.3. Түрлі топтарда, алуан түрлі қарым-қатынас жасау түрлері көтермеленеді жұмыс мәселелерін бірге талқылау мен шешу, жобаларды бірге орындау, жастардың көпшілік іс-шараларын бірге өткізу.

3.2.4. Оқу барысында туындайтын мәселелерді шешу кезінде, білім алушылар әділдік қағидаларын, Кодекс ережелерін және азаматтық құқықтарды қорғайтын басқа да құжаттарды басшылыққа алады.

3.3. Білім алушылар мен оқытушылардың  арасындағы өзара қарым-қатынас

3.3.1. «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» оқытушылары мен қызметкерлері жоғары кәсібилікке қол жеткізуге ұмтылуға, өзінің  теориялық білімі мен педагогикалық шеберлік деңгейін ұдайы арттыруға, әріптестеріне, білім алушыларға және өзіне деген қатынаста шынайылық танытуға тиіс.

3.3.2. Өз қызметтік міндеттерін орындай отырып, оқытушылар жоғары жауапкершілік, ізге ниеттілік және ұқыптылық танытуға қызметті бағалау мен наразылық білдіруде әділ болуға, жоғары мәдениет, ұқыптылық және төзімділіктің жоғары үлгісін көрсетуге тиіс.

3.3.3. Оқытушылар оқу сабақтарын білім алушыларға деген тілектестік және ұқыпты қарым-қатынас таныту арқылы шынайылық пен талапшылдық жағдайында өткізуге міндетті.

3.3.4. Әрбір білім алушы білім алудың бүкіл кезеңі бойында анықтамалық-сілтемемен қамтамасыз етіледі.

3.3.5. Оқу семестірінің алғашқы аптасында білім алушы пәндердің оқу-әдістемелік кешенімен қамтамасыз етіледі.

3.3.6. Білім алушы оқу сабағының мазмұнымен алдын ала танысуға және  талаптарға сәйкес дайындықпен келуге тиіс. Тапсырманы орындау кезінде білім алушы жұмысты орындау тәртібін айқын білуге, бағалау критерийін түсінуге тиіс. Білім алушының өтінішімен оқытушы қойылған бағаның себебін түсіндіруге міндетті.

3.3.7.  Білім алушылар сабаққа оқытушыдан бұрын келіп отыруы тиіс. Сабаққа кешіккен жағдайда, рұқсат сұрап, дәрісханадағы жақын тұрған бос орынға жайғасуы керек.

3.3.8. Оқытушы тәртіп бұзғаны үшін білім алушыны сабақтан шығаруға, соңынан оны сабаққа қатыспаған адам ретінде қарастыруға құқылы. Оқытушы қалыптасқан жағдай туралы оқу бөліміне жазбаша хабар беріп, топтың жұмыс істеуіне жүйелі кедергі жасайтын студентті сабақтан шеттетуге құқылы.

3.3.9. Білім алушылармен қарым-қатынас жасауда оқытушы:

білім алушыларды балағаттауға, олардың жеке қадір-қасиетін таптауға, тәкаппарлық немесе дөрекілік көрсетуге;

ағымдағы, межелік және қорытынды бақылау өткізу кезінде әділетсіздік көрсетуге, білім алушының оқудағы жетістіктерін бағалау деңгейіне субъективтік факторлардың әсер етуіне жол беруге;

оқу және ғылыми үдеріс нәтижелеріне әсер ету мақсатында, білім алушылардың немесе арадағы адамдардан сыйлық алуға;

стандарттарда белгіленген бағалау критерийлері мен ағымдағы, межелік және қорытынды бақылау өткізу шарттарын өзгертуге;

Білім алушылармен бірге өз әріптестерінің кәсіби және жеке тұлғалық кемшіліктерін талқылауға;

колледж қабырғасында коммерциялық жарнама, саяси немесе діни насихат жұргізуге құқылы емес.

3.3.10. Оқу барысында білім алушы:

әділетсіздік пен немесе оқытушыны жаңылыстыру мен байланысты кез-келген қызметке араласуға, оқытушыға қатысты құрметсіздік көрсетуге;

емтихан тапсыру, курс және диплом жобаларын (жұмыстарын), басқа тапсырмаларды тапсыру кезінде әлде бір адамның жұмысын (web-ресурстарға орналастырылған жұмыстарды қоса алғанда) толық немесе жекелей көлемде жеке өзінікі ретінде ұсынуға;

емтихан немесе бақылау іс-шараларының басқа түрлерін тапсыруға кезінде, стандарттарда рұқсат етілмеген алдын ала дайындалмаған материалдарды пайдалануға;

басқа білім алушылардың орнына тапсырманы орындауға, зерттеу жүргізуге және емтихан жұмыстарын тапсыруға;

дәйекті себептерсіз сабаққа қатыспауға немесе кешігуге;

сабақ үстінде керісуге, өзін тұрпайы немесе дөрекі ұстауға;

өзінікінен басқа әлде бір адамның бағаларын оқытушы мен талқылауға құқылы емес.

3.3.11. Айрықша жағдайларда білім алушы оқытушыны ауыстыру туралы өтініш білдіре алады. Бұл үшін өте маңызды себептер (дәлелденген дөрекілік фактілері, біліксіздік, өқытушының кінәсінен сабақтың жүйелі өтілмеуі және т.б.) және академиялық топтың бір ауыз пікірі қажет.

3.3.12. Оқытушы мен жеке қақтығысқа келген жағдайда, білім алушы басқа оқытушыға емтихан тапсыруға рұқсат беруді өтініп, оқу бөліміне жүгіне алады. Өтініш түсіндірілуі тиіс. Бұл мәселелерді оқу бөлімі мен директордың оқу жұмыстары жөніндегі директор орынбасары шешеді.

3.4  Оқытушылардың, қызметкерлердің өзара қарым-қатынасы

3.4.1. Барлық оқытушылар мен қызметкерлер басшылыққа алатын негізгі қағида – іскерлік этикаға негізделген өзара құрмет, ұжым мүшелері арасындағы қарым-қатынаста әділдік пен адалдық таныту.

3.4.2. Оқытушылардың, қызметкерлердің арасындағы өзара қарым-қатынас өзара құрмет қағидаларына негізделеді, дөрекілікке, басқа адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетін таптауға, оларға моральдық немесе материалдық зиян келтіруге, заңға қайшы әрекеттер жасауға жол берілмейді.

3.4.3. Түрлі құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің алуан түрлі қарым-қатынас жасау түрлері көтермеленеді жұмыс мәселелерін бірге талқылау мен шешу, жобаларды бірге орындау, тынығу іс-шараларын бірге өткізу.

3.4.4. Кәсіби дамуында, интеллектуалды деңгейлерін және моральдық қасиеттерін арттыруда әріптестеріне көмек беруі құпталады.

3.4.5. Жұмыс барысында туындайтын мәселелерді шешу кезінде, қызметкерлер әділдік қағидаларын, Кодекс ережелерін және азаматтық құқықтарды қорғайтын басқа да құжаттарды басшылыққа алады.

3.5 Әкімшілік пен қызметкерлер арасындағы өзара қарым-қатынас

3.5.1. «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» әкімшілігіне директор, орынбасарлары, бөлім, құрылым меңгерушілері жатады.

3.5.2. Әкімшілік пен қызметкерлер арасындағы өзара қарым-қатынас ұзақ мерзімді өзара әрекеттестік, құрмет пен өзара міндеттерді нақты орындау қағидаларына негізделеді. Қызметкер мен жұмыс берушілер өз қызметінде еңбек және ұжымдық шарттың барлық талаптарын сақтауға міндетті.

3.5.3. Жұмыс мәселесі бойынша басшылық пен бағынышты қызметкерлердің өзара әрекеттеріне, сондай-ақ колледждің әділеттілік қағидалары мен мүдделеріне сай келмейтін шешімдер шығаруға жол берілмейді. Лауазымдары бір деңгейдегі қызметкерлер арасында, егер бұл жұмыстың  анағұрлым тиімді болуына ықпал ететін болса, егер бұл жұмыстың анағұрлым тиімді болуына ықпал ететін болса, мәселені жұмыс тәртібінде шешуіне рұқсат етіледі.

3.5.4. Кез келген деңгейдегі мәселені шешуде колледж қызметін оңтайландыру, білім бағдарламаларын жақсарту жөнінде жұмыскердің бастама көтеруі, идеялар ұсынуы көтермеленеді.

3.5.5. Колледж әкімшілігі барлық жұмыскерлер үшін қызметте өсуі бойынша тең мүмкіндіктерге, сонымен қатар өз қабілетін таныта алу мүмкіндігіне ие болуына кепілдік береді.

3.5.6. Әкімшілік адам капиталын табысты қызмет атқару көзі ретінде қарастырады. Қызметкерлердің  жеке мүдделері мен олардың құнды басымдықтары ескеріледі, жұмыскердің әлеуетін дамытуға, оған әлеуметтік кепілдіктер беруге көңіл бөлінеді.

3.5.7. Колледж жұмыскерлері кәсіби қызметі бойынша сын ескертпелер айтуы және оны шынайы қабылдауы, жіберілген қателіктерді мойындауы мен түзетуі қажет.

3.5.8. Колледж басшылығы ұжымның әрбір мүшесінің жеке-дара ерекшеліктеріне көңіл бөледі.  Оқытушылар мен қызметкерлер спорт кешенде дене шынықтыру мен шұғылдануға, басшылық тарапынан өз мәселелеріне тиісті назар аудару мүмкіндігіне ие болуға құқылы.

 

4. ҚАҚТЫҒЫС ЖАҒДАЙЛАРЫ МЕН ДАУЛЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ ҚАҒИДАЛАРЫ

4.1. Колледждің тиімді жұмыс атқаруы қызметкерлердің  міндеттерінің айқын бөлінуін және қызметкердің жауапкершілігі бойынша мүдделер қақтығысына жол берілмеуін қарастырады. Әлеуетті қақтығыстар ауқымы жедел анықталады, неғұрлым төмендетіледі және қатаң бақылауға алынады.

4.2. Қақтығыс жағдайының туындауы туралы хабар оны жедел, әрі тиімді шешуге мүмкіндігі бар барлық тараптарға жеткізіледі.

4.3. Қақтығысты шешу кезінде әділеттілік пен адалдық қағидалары сақталады.

4.4. Бөлімшелердің ешбірі қақтығыс жағдайын өз пайдасына шешу үшін айрықша құқықты пайдалана алмайды.

 

 

 

«Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» мекемесінің 2016 жылғы «31» тамыздағы Педагогикалық Кеңестің шешімімен (№1 хаттама) бекітілді.