+7 7767013131

 kosmos04@mail.ru

АКАДЕМИК С.А.ДЖИЕНКУЛОВ АТЫНДАҒЫ
БАЙҚОҢЫР ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ

КОЛЛЕДЖІМІЗДІҢ  ТАРИХЫ

2004 жылы академик Серғазы Ахметұлы Джиенкуловтың басшылығымен осы университеттің базасында Байқоңыр «Космос» колледжі ашылды.

2016 жылдың 5 шілдесіндегі №54 бұйрық негізінде «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» білім беру мекемесі болып өзгертілді.

2021 жылыдың 15 шілдесіндегі №70 бұйрық негізінде «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр  жоғары колледжі» білім беру мекемесі болып аталады.

2019 жылдың 22 сәуірінде «Білім беру сапасын қамсыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігімен» (НКАОКО) жүргізілген институционалды және мамандандырылған  аккредиттеуден сәтті өтіп, растайтын куәлік алды.

Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжінің тарихы сонау 1998 жылдан, осы Байқоңыр қаласында Қазақстан-Ресей Халықаралық Университетінің филиалы ашылғаннан бері басталады.

Яғни, Алматы қаласындағы Қазақстан-Ресей Халықаралық Университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық машина жасау жəне көлік ғылым академиясының, Ресей Халықаралық көлік академиясының академигі, ғалым, өз елінің патриоты Серғазы Ахметұлы Джиенкулов 1998 жылы осы Байқоңыр қаласында ең алғаш қазақстандық   университеттің филиалын ашқан болатын. Байқоңырдағы өскелең ұрпақтың жарқын болашағы үшін  ашылған   «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» білім беру мекемесінің  ерекшелігі ол – Байқоңыр қаласында  Қазақстан Республикасы Білім Беру Стандартымен  арнайы орта білімді кәсіптік мамандар дайындайтын бір ғана оқу орны болып табылады.

Колледж миссиясыҚазақстан экономикасының өндірістік деңгейін көтеруге қабілетті, теориялық және практикалық дағдыларды жетік игерген, адамгершілік қасиеттері жоғары, бәсекеге қабілетті мамандар дайындау.

Үш қабатты оқу ғимаратында 31-оқу кабинеті, 4 зертхана, 3 шеберхана, 2 компьютер классы, 1 мультимедиалық-лингофон кабинеті, 100 орынды акт залы, әдістемелік кабинет, спорт залы, медпункт, 36 орынды буфет, 18 570  дана кітап қоры бар кітапхана және 80 орынды оқу залы оқушыларға қызмет етеді. Колледжде жалпы 42 бейнебақылау камералары бар 13-сыртта, 29-ғимарат ішінде орналасқан. Колледж 50 000 дана кітап қоры бар Ресей Федерациясының Байқоңыр қаласындағы ғылыми-техникалық кітапханасымен келісім-шартқа отырған.

  «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі»  2004 жылдан бері Қазақстан Республикасының Ұлттық Машина жасау және Көлік Академиясының академигі, Қазақстан-Ресей Халықаралық Университетінің профессоры, Қазақстан Республикасы Білім Беру Ісінің Үздігі, Қармақшы ауданының Құрметті Азаматы  Дауленбаев Ануар ағай басқарып келеді.

Қазіргі таңда колледжде  1 академик, 1 ғылым академиясының мүшесі, 1 ғылым кандидаты,  4 магистр,  5 - жоғары санатты, 4 -  І санатты, 8 - ІІ санатты, 5 жас маман, барлығы 30 дан аса  инженер – педагог еңбек етуде.

           «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» білім беру мекемесі  10 мамандық, 11 біліктілік бойынша мамандар дайындайды:

 

р/с

     Мамандық шифры

Мамандық атауы

біліктілігі

 
 

1

07161300

«Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету,  жөндеу және пайдалану»

4S07161304- Техник-механик

 

 

2

07320100

«Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану»

4S07320106-Техник-құрылысшы

 

3W07320105– Құрылыс-әрлеу жұмыстарының шебері

 

 

3

07140500

«Сандық техника(түрлері бойынша)»

4S07140504-

Техник-электронщик

 

 

4

07140900

«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар»

4S07140902-

Телекоммуникациялық

байланыс жүйелер технигі

 

 

5

07230100

«Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу»

3W07230101– Тігінші

 

 

6

10150100

«Туризм»

3W10150103– Туристік агент

 

 

7

04110100

«Есеп және аудит»

4S04110102-Бухгалтер

 

 

8

04210100

«Құқықтану»

4S0421001-Заңгер

 

 

9

07160500

«Темір жолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету»

4S07160503-

Техник-электромеханик

 

10

07160600

«Темір жолдың вагондар мен рефрижераторлы жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету»

4S07160603-

Техник-электромеханик

 

 

Колледжге  2011 жылы  «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында алғаш рет 50 орын мемлекеттік грант бөлінді.

 

 

 

2011-2020 аралығында бөлінген мемлекеттік гранттар

 

р/с

Мамандық атауы

ЖЫЛДАР

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

 

1

«Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету,  жөндеу және пайдалану»

 

 

25

40

25

 

 

 

21

20

 

2

«Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану»

25

 

 

38

25

 

25

15

40

25

 

3

«Оптикалық және электронды құрал- жабдықтар»

 

20

25

25

25

25

25

20

40

 

 

4

«Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу»

 

 

 

 

 

25

25

15

25

35

 

5

«Туризм» (салалар бойынша)

 

 

 

 

25

25

25

25

 

30

 

6

«Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу  және техникалық қызмет көрсету

25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАРЛЫҒЫ:

50

20

50

103

100

75

100

75

126

110

 

 

  • «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» білім беру мекемесінде 2020-2021 оқу жылы бойынша студенттердің жалпы контингенті- 342, оның ішінде

күндізгі оқу бөлімінде 307 (грант-299, оның ішінде жергілікті бюджет негізінде-193, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының»  I бағыты  бойынша 106,  ақылы бөлімде -43),

сырттай оқу бөлімінде-35.

 

  • 2019-2020 оқу жылы бойынша студенттердің жалпы контингенті- 329, оның ішінде

күндізгі оқу бөлімінде 289 (грант-265, оның ішінде жергілікті бюджет негізінде-159, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының»  I бағыты  бойынша 106,  ақылы бөлімде -24),

сырттай оқу бөлімінде-40.

 

2019-2020 оқу жылында колледжге қабылданған жалпы бала саны – 147, оның ішінде:

  1. жергілікті бюджет негізінде қабылданғаны-90 (130901 3 Байланыс технигі-20, 130902 3 – Техник-электроншы-20, 140110 2 Қаптаушы-тасшы – 25, 121103 2 Тігінші -25)
  2. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының»  I бағыты бойынша   қабылданғаны-36 (120112 3  Техник-механик -21, 140121 3 Техник-құрылысшы -15)
  3.  ақылы бөлімге қабылданғаны – 21.

«Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» білім беру мекемесінде Қармақшы аудандық әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің берген жолдамасы арқылы 2017 және 2018 жылдары «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының»  I бағыты бойынша   төмендегі мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстарда жалпы 140 азамат оқытылды:

  1. 2017 жылы жалпы 125 азамат оқытылды: 3айлық курста қаптаушы-тасшы-47 азамат, тігінші-40 азамат; 1 айлық курста сылақшы-15 азамат, тігінші-23 азамат.
  2.  2018 жылы жалпы 15 азамат оқытылды: 3айлық курста қаптаушы-тасшы-15 азамат.

2017 жылы колледж жанынан ЖК «Дауленбаев» оқу орталығы ашылып, Қармақшы аудандық әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің берген жолдамасы арқылы 2018 жылы және 2019 жылы жалпы 270 азамат «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының»  I бағыты бойынша төмендегі курстарда оқытылды:

  1. 2018 жылы жалпы 195 азамат оқытылды: автокөлік жөндеу жөніндегі слесарі-20 азамат, тігінші-40 азамат; шаштараз-45 азамат, құрылыс электрослесарі-20 азамат, массажист-20 азамат, сандық сауаттылыққа оқыту негіздері-50 азамат.
  2. 2019 жылы жалпы 75 азамат оқытылды: автокөлік жөндеу жөніндегі слесарі-15 азамат, тігінші-15 азамат; шаштараз-45 азамат.

64 қысқа мерзімді курс бітірушілері  «Атамекен» Кәсіпкерлер Палатасымен ұйымдастырылған конкурсқа қатысып, грант ұтып алып, өз кәсіптерін ашты.

 

Колледжіміз ең алғашқы түлектерін 2007 жылы қанаттандырды.

 

Жыл

2007

2008

2009

2010

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

барлығы

Бала саны

62

82

71

114

91

58

69

92

102

67

59

129

110

100

91

1297

Қызыл диплом

-

7

3

5

2

2

2

2

2

4

-

6

4

1

2

 

42

 

2019 жылғы бітірушілердің жұмысқа орналасқаны: 85 %

2020 жылғы бітірушілердің жұмысқа орналасқаны: 81 %

 

Айрықша қуантарлығы бітіруші түлектердің 100 пайызы Кәсіби біліктілікті тәуелсіз бағалау - кешенді тестілеуден  сүрінбей өтіп, өз біліктіліктерін растап, нәтижесінде «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының» СЕРТИФИКАТЫН мемлекеттік үлгідегі ДИПЛОМҒА қоса алып шықты.

Түлектеріміздің 85% жұмысқа орналасқан, олар Қазақстан Республикасының және  Ресейдің Ішкі Істер бөлімінде, банктерде, өндірістік мекемелерде экономист-бухгалтер,  байланыс мамандары, құрылыс мамандары, техник-механик, техник-электромеханик, тігінші болып жұмыс атқаруда.

Біздің  колледжіміздің дипломымен Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресейде де жұмысқа орналасуға болады. Ресей Федерациясы Білім және Ғылым министрлігі «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжінің» мемлекеттік үлгіде берілген дипломын Ресей Федерациясының орта кәсіптік-техникалық білім жөніндегі дипломына теңбе-тең екенін ресми растап, куәлік берді.

           Кәсіби құзырлы маман иесін даярлауда тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, оқытудың жаңа технологияларын меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін колледждің педагогикалық ұжымы қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға үнемі қатысып, шеберліктерін шыңдаудан шаршаған емес.

Колледж оқытушыларының 100 пайызы «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Оқу-тренингтік орталығынан «Педагогтердің IT құзыреттіліктерін дамыту және жетілдіру», «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығынан  «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында белсенді оқу және модульдік-құзіреттілік тәсілдері негізінде әзірленген техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру», «Нәтижеге бағытталған білім беруде оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану» және «Модульдік оқыту технологиясы», «Кәсіпқор холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Кәсіптік білім беру орталағынан «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жаңа формациядағы педагогі» тақырыптарында білімін жетілдіру курсынан өтті.

2020 жылы колледждің 5 оқытушысы «Международные практики профессионального образования» тақырыбында халықаралық деңгейде біліктіліктерін көтерді.

Колледжде 2019 жылы қыркүйек айында «Ашық жүрек» еріктілер клубы құрылып, Байқоңыр қалалық Жастар ресурстық орталығымен тығыз жұмыс жасауда. Еріктілер саны: 50

         2019 жылы «Білім саласының Лидері» Куәлігі табысталды: УО  «Байконырский колледж им. академика С.А.Джиенкулова» награждается званием ЛИДЕР ОТРАСЛИ В ОБРАЗОВАНИИ за выдающиеся достижения в сфере образования, а также за весомый вклад в развитие Республики Казахстан, Союз национальных бизнес-рейтингов

кәсіби құзыретті маман иесін даярлауда тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, оқытудың жаңа технологияларын меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін колледждің педагогикалық ұжымы қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға үнемі қатысып, шеберліктерін шыңдаудан шаршаған емес.

          Дуалдық оқыту жүйесі - кадрлар даярлаудың тиімді әрі жаңаша тәсілі болып табылады. Оның ерекшелігі - кәсіптік оқытудың көп бөлігі оқу орнында емес, мекемеде өтетіндігінде. Аталған жүйе бойынша білімгер өз уақытының 70-80% -ын тікелей өндірісте, тек 20-30%-ын ғана колледжде өткізуді көздейді. Мамандыққа байланысты тәжірибеден өтуді ұйымдастыру үшін 70 тен аса мекемемен  келісім-шартқа қол қойылған. 4 мекемемен үш жақты  ынтымақтастық Меморандумына қол қойылған. Студенттеріміз өндірістік машықты осы өндіріс орындарынан өтіп, кейбірі сол мекемелерде қазіргі таңда еңбек етуді жалғастыруда.

 «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» ұжымы облыстық, республикалық, шетелдік  кәсіптік білім беру оқу орындарымен тығыз байланыс орнатқан. Колледж Алматы қаласы «Қайнар» Академиясымен тығыз байланыста және Ресей Федерациясының радиоэлектротехникалық техникумымен халықаралық ынтымақтастық негізінде екіжақты меморандумға қол қойып, оқу-әдістемелік тәжірибе алмасуда.