Жаңалықтар/Новости

2020-2021 Оку жылында кабылдау жумыстары бойынша мектеппен бекитилген еки жакты угит насихат жумыстарын жүргізіп колледж тынысымен таныстыру максатынын жоспарына сайкес №279 орта мектеп оқушыларымен және ата-аналарымен кездесуге “Академик С. А. Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжінің” Өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Есеналиев Сәкен Есеналыұлы, “Арнайы пәндер” оқытушылары Айбосынова Сырғаш Қуатқызы, Алибек Мөлдір Парахатқызы колледж тынысымен таныстырылды.

Әбу Насыр Әл-Фарабидың 1150 жылдығына орай “Академик С.А. Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі” білім беру мекемесінде кітапханашы Б.Н.Акмурзаның өткізілуімен 16 қаңтар күні 2 курс білімгерлер арасында “Әл-Фараби және оның рухани мұрасы” атты дөңгелек үстелі болып өтті. Мақсаты білімгерлерге Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл-Фарабидің өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан-жақты ерекше тұлға болғандығын көрсету.

2020-2021 Оку жылында кабылдау жумыстары бойынша мектеппен бекитилген еки жакты угит насихат жумыстарын жургузу максатынын жоспарына сайкес №80 орта мектеп оқушыларымен және ата-аналарымен кездесуге “Академик С. А. Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжінің” Өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Есеналиев Сәкен Есеналыұлы, тәрбие ісі орынбасары Алимбаева Нұргүл Қожантайқызы”Арнайы пәндер” оқытушылары Айбосынова Сырғаш Қуатқызы, Алибек Мөлдір Парахатқызы, колледж тынысымен таныстырылды.

2020-2021 Оку жылында кабылдау жумыстары бойынша мектеппен бекитилген еки жакты угит насихат жумыстарын жургузу максатынын жоспарына сайкес №272 орта мектеп оқушыларымен және ата-аналарымен кездесуге “Академик С. А. Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжінің” “Жалпы пәндер” оқытушысы Өмірзақ Шолпан Қалыбекқызы, “Арнайы пәндер” оқытушысы Алибек Мөлдір Парахатқызы, колледж тынысымен таныстырылды.

2020-2021 Оқу жылында қабылдау жұмыстары бойынша мектеппен бекітілген екі жақты үгіт насихат жұмыстарын жүргізу мақсатының жоспарына сәйкес №274 орта мектеп оқушыларымен ауқымды семинар болып өтті. Семинарда Академик С. А. Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжінің “Жалпы пәндер” бірлестігінің жетекшісі Темирханова Сауле Темирхановна, колледж әдіскері Назарова Шынаргуль Ералиевна және “Арнайы пәндер” оқытушысы Жанузакова Жанат Серікқызы қатысып үгіт насихат жұмысын жүргізді.

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ- ҰЛТ БОЛАШАҒЫ
Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжінде «Sanaly urpaq» жобасы аясында білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлықты жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатындағы іс-шаралар жоспарға сәйкес «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы» тақырыбында барлық топтарда тәрбие сағаттары өткізілді.

С.А Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжінде «Жастар жылы» аясында «Екі жұлдыз» байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты оқытушы мен білім алушы арасындағы қарым қатынасты жақсарту, белсенділіктерін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Байқауға арнайы шақыртылған «Атамекен» ҰКП Қызылорда обылысының кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы –Утегенов Алмат Қожахметұлы, Байқоңыр қалалық «Халыққа Қызмет Қөрсету» орталығының менеджері –Абуова Лаура Абылайқызы, Байқоңыр қалалық «Nur Otan» партиясының филиалының қызметкері Мереков Әсет Ідірісұлы, «Жастар Ресурстық орталығының» Байқоңыр қалалық филиалының бөлім басшысы – Қабатыва Индира Серікқызы қонақтар қатысушы 8 жұптың өнерін әділ бағалап, байқаудың жоғары деңгейде өтуіне атсалысты. Шара соңында әділ қазылар жеңімпаздарды анықтап, жеңісімен құттықтап, сыйлықтар мен Алғыс хаттар үлестірді. Сонымен қатар жеңімпаздарға алдағы уақытта сәттілік тілеп, құттықтауларын жеткізді.

БІЛІКТІ БАСШЫМЫЗДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
«Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» білім беру мекемесінің директоры, облыстық мәслихат депутаты Дауленбаев Ануар ағайды Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың дамуы мен қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін берілген «Қазақстан мәслихаттарының ҚҰРМЕТТІ ДЕПУТАТЫ» атағымен және «Қазақстан Республикасы мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медалімен шын жүректен құттықтаймыз!
Құрметті Ануар ағай, бұл құрметті атақ – адал еңбектеріңіздің жемісі. Осындай жауапкершілігі жоғары қызметіңізде табыс және отбасыңызға амандық, ұзақ өмір тілейміз!

Жүлделі III орынмен құттықтаймыз!
Колледждің тарих пәнінің оқытушысы Өмірзақ Шолпан Қалыбекқызының жетекшілігімен «Туризм» мамандығының 2-курс, Т-181 тобының студенті Амирбекова Наргиз Алтын Орданың 750 жылдығы мен Қазақ хандығының 555 жылдығына орай өткізілген «Ұлы Даламның тарихы» атты облыстық тарихи-танымдық олимпиадасына қатысып, жүлделі III орын алып, колледж мәртебесін асқақтатты. Колледж директоры, облыстық маслихат депутаты А.Дауленбаев жеңімпаздарды колледж ұжымы мен студенттерінің атынан құттықтап, шығармашылық табыстар тіледі.

20.12.2019 жылы ЖК «Дауленбаев А.А.» оқу орталығында «Кәсіптік білімнің көкжиегі кең» тақырыбындағы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында қысқа мерзімді оқыту курсы бойынша бітірушілерге салтанатты куәлік тапсыру рәсімі болып өтті.
Осы салтанатты рәсімге арнайы қатысқан «Атамекен» ҰКП Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы – Скакова Жанна Бакитовна, сарапшысы – Альназарова Гульмира Шарипбаевна, Байқоңыр қаласы бойынша «Халықты жұмыспен қамту орталығының» КММ директоры – Суйеумбетов Шайкибек Шайхисламович, ЖШҚ «Вита» директорының орынбасары– Батимов Галым Ерназарович «Тігінші», «Шаштараз», «Массажист» біліктіліктері және «сандық сауаттылыққа оқыту» бойынша 66 бітірушілерге салтанатты түрде куəліктерін табыстап, алдағы уақытта өз кәсіптерін ашып, табысты жұмыс жасауға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар шараға Қармақшы ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» қызметкері Мешітбаев Еркебұлан Кеңшілікұлы, «ҚР Президентінің «Байқоңыр » кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы» басшысының орынбасары – Демесинов Мырзабек Каленұлы, Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Байқоңыр қаласының филиал директоры – Утегенов Алмат Қожахметұлы және әлеуметтік серіктестіктер қатысып құттықтау сөз сөйледі.
Биылғы жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» негізінде қысқа мерзімді курс бойынша «Шаштараз», «Тігінші», «Массажист», «Құрылыс электслесарі», «Автокөлік жөндеу жөніндегі слесарь» біліктіліктері бойынша биылғы жылы оқу орталығында қысқа мерзімді оқыту курстары бойынша 184 бітіруші кəулік алды.

«Жыл белсендісі» номинациясы дипломымен құттықтаймыз!
25 қарашада өткізілген «ДОСТЫҚ.KZ» атты облыстық жастар форумында «Жыл белсендісі» номинациясы дипломымен марапатталған колледждің Информатика пәнінің оқытушысы Едіге Асхат Мирланұлын құттықтаймыз! Асхат Мирланұлы, жастық шақтың күш-қайратын еліміздің өркендеуіне жұмсап, келешекте биік шыңдарды бағындырып, зор табыстарға жете беруіңізге тілектеспіз.

«ЖЫЛ СТУДЕНТІ» номинациясы дипломымен құттықтаймыз!
«Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығының 1-курс, ҒНЖ-191 оқу тобының студенті Кәрімбердиев Қанат «ДОСТЫҚ.KZ» облыстық жастар форумында «ЖЫЛ СТУДЕНТІ» номинациясы дипломымен марапатталып, колледж ұжымы мен студенттерінің ризашылығына бөленді. Бір айта кетерлігі «Жастар ресурстық орталығы Байқоңыр бөлімі» Байқоңыр қаласындағы ресейлік және қазақстандық оқу орындары студенттерінің ішінен үлгілі, қаладағы жастар саясаты мен қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүрген 1 ғана студентті «ЖЫЛ СТУДЕНТІ» номинациясына ұсынған болатын. Кәрімбердиев Қанат өз оқу тобының старостасы, колледждегі «Ашық жүрек» еріктілер клубының жетекшісі. Қанат, Сіздің біздің колледждің студенті болғаныңызға қуанамыз! Әрқашанда осындай адамгершілігі мол, кішіпейіл, еңбекқор, белсенді қалпыңнан таймай биік белестерді бағындыра бер. Жұлдызың әрқашанда жоғарылап, жарқырай берсін!

ЖҮЛДЕЛІ III ОРЫНМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
27 қарашада Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары білім алушыларының арасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізілген «Абай-ұлы даланың ұлы есімі» облыстық байқауында колледждің «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің оқытушысы Абауова Айгүл Канибекқызының жетекшілігімен «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының 3-курс, Ш-171 тобының студенті Шылмырзаева Фаризат қатысып, жүлделі III орын алып, барлығымызды бір марқайтып тастады.
Құрметті Фаризат, Айгүл апай, Сіздерді колледж ұжымы зор қуанышпен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз. Еңбектеріңіз жана берсін!

Жүлделі I орынмен құттықтаймыз!
Колледжіміздің Орыс тілі және орыс әдебиеті пәнінің 1-санатты оқытушысы, ұлағатты ұстазымыз Муапикова Дамели апайдың жетекшілігімен «Байланыс технигі» біліктілігінің 1-курс, О-191тобының студенті Сыдыков Адилет «ЯЗЫК-ПУТЬ К ПОЗНАНИЮ» атты Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері арасында өткізілген облыстық олимпиадаға қатысып, топ жарып, жүлделі I орын алды. Құрметті Адилет, Дамели апай, Сіздерді колледж ұжымы мақтан етіп, үлкен қуанышпен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс және үлкен жетістіктер тілейміз. Үнемі биіктерден көрініп, жеңістеріңіз арта берсін!

Ұлттық спорт түрлерінен өткізілген Облыстық спарткиадада “Белтемірге тартылу” сайсында О-181 топ студенті Махантаев Айдын
III орын алды

Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Абай ілімі және рухани жаңғыру» атты облыстық ғылыми-теориялық конференцияда
Ш-181 топ білімгері Жұмахан Ақерке 3-орын алды

«Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында
«Абай ілімі және рухани жаңғыру» атты облыстық ғылыми-теориялық конференцияда
Ш-191 топ білімгері Амангелдіқызы Рита «Алғыс» алды

РФ Байқоңыр қалалық жастар саясаты, туризм және спорт комитеті басқармасының басшысы Е.В.Гертерден 5 студент Жастар отрядында жұмыс жасап, АЛҒЫС алды

Жүлделі 3 орынды иеленді
13.03.2019 күні Елбасы жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра, Рухани жаңғыру және Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларының аясында «ҰЛЫ ДАЛА ҰРАНДАРЫ» тақырыбында Қызылорда облысының техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының 1-2 курс студенттерінің арасында өткізілген интелектуалды олимпиададан Т-181 тобының 1 курс студенті Сайлыбаева Аружан жүлделі 3 орынды иеленді. Жетекшісі жалпы пәндер оқытушысы Өмірзақ Шолпан Қалыбекқызы. Құттықтаймыз!

                                                              Облыстық жарыста 2 орын иеленді
31.01.2019 күні Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында әскери қолданбалы спорт түрлерінен өткізілген «Отан қорғаушы-2019» облыстық жарысында жоғары дәрежеде өнер көрсетіп жалпы командалық есепте колледжіміздің студенттері II орын иеленді. Жетекшісі АӘД пәнінің оқытушысы Құрманбеков Сырым Серікұлы

Бас жүлдені иеленді
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында және Елбасымыздың Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында студенттер арасында ұйымдастырылған «Ұлы даланың мұрасы- ұрпаққа аманат» тақырыбындағы облыстық ғылыми теориялық конференцияның БАС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ Т-181 оқу тобының студенті Амирбекова Наргиз, жетекшісі тарих пәнінің оқытушысы Өмірзақ Шолпан Қалыбекқызы марапатталды. Шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Футболдан 2 орынды иеленді
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары арасында өткізілген дәстүрлі облыстық футбол жарысында колледжіміздің жас оқытушылары қатысып, жүлделі 2 орынды иеленді. Колледж ұжымы мен студенттердің қатысуымен «Рухани жаңғыру» залында жеңімпаз оқытушыларымызды колледжіміздің директоры Дауленбаев Ануар ағай құттықтап, алғысын білдірді. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Аккредиттеу

«Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» 2019 жылдың 5 – 7 наурызы күндері мемлекеттік аккредиттеуді өткізді. Аккредиттеуді «Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі» жүргізді. Аккредитация комиссиясын Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің ТжКБ ұйымдарының аккредитация аға үйлестірушісі Джанзакова Айгуль Айдархановна бастап келді.
Аккредиттеу 2 мамандық бойынша жүргізілді.
3. Мамандық: 1201000 «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», Біліктілік: 120112 3 Техник-механик
4. Мамандық: 1401000 «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану», Біліктілік: 142121 3 «Техник-құрылысшы», 140110 2 «Қаптаушы-тасшы», 140104 2 «Сылақшы», 140105 2 «Бояушы»

Колледжді институционалдық аккредитеттеу комиссиясының құрамы:
1. Ертаева Жанат Акебаевна – Жетекші, Алматы облысы, Талдықорған қаласы,«Білім» гуманитарлық-техникалық колледжі, директор
2. Турлыбаева Акмарал Салабатовна – Сарапшы, Алматы облысы «М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы», тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

3. Жантурсынова Лэззэт Амантаевна – Сарапшы,
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, «М.Өтебаев атындағы жоғарғы жаңа технологиялар колледжі» білім беру мемемесі, «Құрылыс мамандығының» бөлім меңгерушісі, 1401000 «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану», 0104023-3 Құрылыс технигі

4. Ауесбаев Марат Айбекович – Сарапшы, Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, ЖК «Автоклуб», директор
5. Хабитқызы Перизат – Сарапшы, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, «Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі» ІІІ курс Тг-17/9 тобы
Мамандығы: тігін өндірісі жəне киімдерді үлгілеу

Колледжді мамандандырылған аккредитеттеу комиссиясының құрамы:
1. Ертаева Жанат Акебаевна – Жетекші, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, «Білім» гуманитарлық-техникалық колледжі, директор
2. Мустаяпов Тимур Бауыржанович– Сарапшы, Қызылорда облысы «Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі» білім беру мекемесі,«арнайы пәндер» оқытушысы, 1201000 «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», 1201123 Техник-механик
3. Жантурсынова Лэззэт Амантаевна – Сарапшы,
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы «М.Өтебаев атындағы жоғарғы жаңа технологиялар колледжі» білім беру мекемесі, «Құрылыс мамандығының» бөлім меңгерушісі, 1401000 «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және
пайдалану», 0104023-3 Құрылыс технигі

4. Ауесбаев Марат Айбекович – Сарапшы, Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, ЖК «Автоклуб», директор
5. Хабитқызы Перизат – Сарапшы, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, «Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі» ІІІ курс Тг-17/9 тобы
Мамандығы: «Тігін өндірісі жəне киімдерді үлгілеу»