Колледж жаңалықтары

Введите текст

 

 

БАСШЫМЫЗ ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ!

 

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Жасампаздыққа толы жылдар" атты облыстық салтанатты шарада облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Академик С. А. Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінің директоры, Қармақшы ауданының құрметті азаматы, 5 мәрте Қармақшы аудандық мәслихатының, Қызылорда облыстық мәслихатының 6-шақырылым депутаты Дауленбаев Ануар ағайға Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасын салтанатты түрде тапсырды. Басшымызды зор қуанышпен құттықтай отырып, зор денсаулық, шығармашылық табыстар тілейміз.

 

2021-2022 жж. оқу жылында “Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары коледжі” білім беру мекемесі бірлескен жұмысының жоспары аясында, колледжімізде “Ашық есік күні” өткізілді.Осыған орай № 269; №275; № 85 мектептер колледж базасы мен жеткен жетістіктерін мектеп оқушыларына кеңінен таныстырылды.

Негізгі мақсаты: Оқушыларды қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті нарық сұранысына ие мамандықты таңдауға бағыт-бағдар беру.

 

 

 

 

“Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі” білім беру мекемесінде Облыстық білім басқармасының 2021 жылғы 2 қарашадағы №07-20/4468 хатына сәйкес, Аудандық білім бөлімі Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның 2020 жылғы 19 қарашадағы №9 хаттамалық тапсырмаларын қорытындылау мақсатында құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылық, нашақорлықтың, кибербулингтің, булингтің алдын алу бағытында профилактикалық құқықтық сағат және ата-аналар үшін ата-аналар сағаты өтті.

Іс-шараға колледжіміздің директоры А.Дауленбаев,ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің Әкімшілік полиция бөлімі Ювеналды полиция тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Б.Исмайлов, Байкоңыр көпбейінді ауруханасынын дәрігерлері ата-аналарымен оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары және міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында сынып сағаттарын және мектеп линейкасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мектеп пен жанұяда жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, тәрбиелі, мәдениетті, білімді адам болуға ұмтылу керек екендігін, құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқы мен міндетін білмей, басқаның құқын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігіп, қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыратын іс екенін әрқайсысы жете ұғыну керектігі түсіндірілді. Сондай-ақ құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеуді, әрқайсымыз өзімізден бастау керектігі де айтылды.

 

 

 

 

Іздеген жетер мұратқа!

 

2021 жылдың қараша айының 30-шы жұлдызы күні “Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі” білім беру мекемесінің “Оптикалық және электрондық құрал-жабдықтар” мамандығының О-191 оқу тобының 3 курс білімгерлері Б.Ғазиз, А.Сыдыков,М.Холов “Цифрлық платформа” тақырыбындағы “QazSite-2050” атты ғылыми жобасын қорғады.

Жетекшісі: Арнайы пәндер оқытушысы С.Т.Темирханова

Жобаның мақсаты: Кез келген климаттық, геологиялық жағдайларға бейімделген және энергия өндірудің барлық түрлерін пайдалана алатын болашақ станция-платформаны көрсету.

Жобаның мүмкіндігі: қоршаған ортаның қатал жағдайларына бейімделген, энергияның барлық дерлік түрлерін өндіретін және табысты жұмыс істейтін болашақтың бірегей станция-платформасы. Станция көп секциялы және әмбебап болып табылады, яғни қойылған миссия мен қоршаған орта жағдайларына байланысты оның өлшемін, сипатын, жабдықтардың түрін және ондағы ғимараттарды түрлендіруге, ауыстырып өзгертуге болады. Мысалы, тынымсыз толқынды мұхит жағдайында оған толқынды сөндіргіштерді немесе су электр станцияларын орнатуға болады. Ал желді аймақтарда - жел турбиналарының қалақтары монтаждалады.

Станцияның әскери, ғылыми және бейбіт потенциалы зор, сонымен қатар алыс рейсті мұхит кемелері үшін мобильді порт қызметін атқара алады.

 

 

 

 

30.11.2021 ж. “Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі”білім беру мекемесінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және 1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күні аясында ұстаздарына құрмет ретінде жоғары курс оқу тобының білімгерлері бір күндік жұмыс күнін өздері атқарып шықты.Білімгерлер “Өзін өзі басқару” күнінде мұғалімдік қызметті абыроймен өткізді.Өздеріне алған жауапкершілікті толық атқарып шықты.

Болашақтарың жарқын болсын!!!

 

 

 

 

“Елі сүйген,Елін сүйген Елбасы”

 

“Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі” білім беру мекемесінде ”1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні" мерекесіне орай “Ғимараттар мен және құрылымдарды пайдалану” мамандығының Ғ-221 оқу тобының 1 курс білімгерлерімен "Елі сүйген,Елін сүйген Елбасы" тақырыбында ашық-тәрбие сағаты өткізілді. Сабақ барысында оқушылар елбасының өнегелі жолын өнерлерімен дәріптеу арқылы бір-біріне насихаттады. Білім алушылар сабақта патриоттық бағыттағы шығармашылық жұмыстарды көрсету арқылы Отанға деген, Елбасына деген құрметтерін арттырды.

Мақсаты: Елбасының ел үшін жасаған еңбегі мен атқарған қызметін өскелең ұрпаққа дәріптеу, мерекені атап өту.

Оқу тобының жетекшісі: Г.А.Байтерекова

 

 

 

 

 

АШЫҚ САБАҚ

 

Қараша айының 30-шы жұлдызы күні "Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінің" жалпы пәндер оқытушысы А.Абауова "Т.Сұлтанбек Көшпелі Алтын" тақырыбында “ Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану”мамандығының Ғ-121 тобының 1 курс білімгерлерімен "Қазақ әдебиеті" пәнінен ашық сабақ өткізді.Ашық сабақтың мақсаты- білім алушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту.Ашық сабақта өз тәжірибесімен бөлісіп,сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдерді қолданды.Сабақ барысында жеке,жұптық және топтық жұмыстар жүргізілді.Сабақта оқытудың озық инновациялық технологияларын қолдана отырып,студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырып,ойын элементтерін қолданып ашық сабақ өткізді.

 

 

 

 

27.11.2021 ж. Қазалы қаласында өткен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “Тәуелсіздік жыр әнім” атты Республикалық балалар және жасөспірімдер арасындағы өнер байқауында “Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінің” Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу мамандығының Ш-191 оқу тобының 3 курс студенті Амангельдіқызы Рита “Вокал” номинациясы бойынша жүлделі II орынды иеленді.

Жетекшісі:Д.У.Султанай.

 

 

 

 

 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

 

БІЛІМДІ ШӘКІРТ-ҰСТАЗ МАҚТАНЫШЫ!

Қызылорда қаласында техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының арасында өткізілген 1 желтоқсан- ҚР Тұңғыш Президенті күніне және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, “Тәуелсіздік-мәңгілік ел тірегі” тақырыбындағы облыстық ғылыми практикалық конференцияға қатысып, колледжіміздің жалпы пән оқытушысы Ш.Қ.Өмірзақ жетекшілігімен “Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану”мамандығының 1 курс студенттері Ә.Ж.Найманбек,Е.Е. Жарылқапов алғыс хаттармен марапатталды.

 

 

 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

 

“Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі” білім беру мекемесі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш.А.Дауленбаева,«Bilim-Orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» атты байқауда жеңімпаз атанып, І –дәрежелі дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» атты байқаудың энциклопедиясына еніп, еліміздің рухани және әлеуметтік дамуына қосқан айрықша еңбегі үшін арнайы төсбелгі берілді.

Шолпан апай, біз сізді мақтан етеміз!Осынау тамаша күнде Сізге және Сіздің отбасыңызға мықты денсаулық,бақыт,халық игілігі жолындағы қызметіңізге табыстар тілейміз!

 

 

 

АШЫҚ САБАҚТАР ЖАЛҒАСУДА…

 

Қараша айының 22-шы жұлдызы күні "Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінің" жалпы пәндер оқытушысы Ж.С.Назарбаева "IV A топ элементтері" тақырыбында “ Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану”мамандығының Ғ-221 тобының 1 курс білімгерлерімен "Химия" пәнінен ашық сабақ өткізді.Ашық сабақтың мақсаты- білім алушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту.Әріптесіміз өз сабағында есептердің шығарылу жолдарын ойната отырып,ойландырып,қауіпсіздік сақтай отырып тәжірибе жұмыстарын көрсетті.Сабақ барысында жеке,жұптық және топтық жұмыстар жүргізілді.Сабақта оқытудың озық инновациялық технологияларын қолдана отырып,студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырып,ойын элементтерін қолданып ашық сабақ өткізді.

 

 

 

19.11.2021 ж. «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі” білім беру мекемесінде Жастар Ресурстық Орталығы Байқоңыр КММ ұйымдастыруымен Байқоңыр қалалық бөлімінің басшысы,Қармақшы аудандық мәслихат депутаты И.С.Қабатованың қатысуымен 1-желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай 19 қараша күні “Ел тірегі-Елбасы” тақырыбында кинокеш өткізілді.

 

 

 

17 қараша-Халықаралық студенттер күніне байланысты “Жастар ел ертеңі” атты КТА ойындары өткізілді.

 

17 қараша-Халықаралық студенттер күніне байланысты “Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі” білім беру мекемесі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай “Жастар ел ертеңі” атты КТА ойындары өткізілді.

Ойын кезеңдері өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылған.Ойыншылар жақсы дайындықпен келіп,бар өнерлерін ортаға салды.

Төрешілік етуге ЖШС “АсарПлюс” директоры,Қармақшы аудандық мәслихат депутаты С.Жумадьяров,колледж директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Ш.Дауленбаева,колледж директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары С.Есеналиев,Жастар Ресурстық Орталығы Байқоңыр қалалық бөлімінің аға кеңесшісі А.Ердаулетов,Жастар Ресурстық Орталығы Байқоңыр қалалық бөлімінің инспекторы Д.Төлегенов шақырылды.Ойынға 4 команда қатысты.

1)”Болашақ” командасы;

2)”Аралас” командасы;

3)”Ауылдың балалары” командасы;

4)”Есте сақта” командасы.

Жастар Ресуртық Орталығының арнайы марапатымен марапатталды.Ойын нәтижесінде ”Болашақ” командасы 1орын, “Аралас”командасы “өнерлі команда” номинациясын,”Ауылдың балалары”командасы “креативті команда”номинациясын “Есте сақта”командасы“стильді команда” номинациясын иеленді.

Қатысушыларды жеңісімен құттықтаймыз!!!

 

 

 

Бүгін 17.11.2021 ж. «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі” білім беру мекемесінде "Nur Otan" партиясы Байқоңыр филиалына қарасты "Космос" БПҰ төрағасы А.Қанибекқызының ұйымдастырумен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Тәуелсіздік теңдесі жоқ байлығым" тақырыбында "Космос" БПҰ мүшелерінің қатысуымен шара өткізілді.

Шара басында А.Қанибекқызы баяндама оқып, онда еліміздің 30 жылда жеткен жетістіктері сөз болды.

"Желбіре Тәуелсіздік көк байрағы" тақырыбындағы көрмемен таныстырды. Шараға қатысқан партия мүшелеріне алғыс білдірді.

 

 

 

 

 

 

Мың мамандық бәрі бар.Таңдап талғап бірін ал.

 

Бүгін 17.11.2021 ж. Екі жақтың бірлескен жұмысының жоспарына сәйкес “Жанқожа батыр атындағы № 269 орта мектеп”коммуналды мемлекеттік мекемесі “Мамандықтар әлемі:біз таңдайтын жолдар” тақырыбында 9 “Б” сынып оқушыларына ашық тәрбие сағаты өткізілді.Мақсаты:оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу,оқушылардың өмір туралы,мамандықтар туралы көзқарасын дамыту,алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу.

 

 

 

СТУДЕНТІМІЗ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

 

Апта басы жағымды жаңалықтармен басталды. Себебі, «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» білім мекемесінің оптикалық және электрондық жабдықтар мамандығының 3 курс студенті Ералиев Дамир Асанұлы жақында Алматы қаласында өткен Таэквондадан жарыста 1 орын алып, Өзбекстанда өткізіліп жатқан халықаралық жарысқа жолдама алған еді.

Енді міне, сол Өзбекстанда өткен халықаралық жарыста 75 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі студентіміз Дамир Асанұлы 3 орынды қанжығасына байлап, ел абыройын асқақтатты.

Халықаралық деңгейде өткен дүбірлі жарыста өзінің үздік өнерін көрсеткен студентіміз Дамир Ералиевке алдағы уақытта тек мерейлі жеңістер тілейміз.

Студентіміздің жетістігі құтты болсын!

 

 

 

 

Бугін 13.11.2021 жылы “Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі” білім беру мекемесінің студенттері және ата-аналарымен санитарлық нормаларды сақтай отырып “құқық бұзушылықтың алдын алуда” бірлескен профилактикалық іс-шара өткізілді.Іс-шараның мақсаты: облыс көлемінде жасөспірімдердің жасалатын қылмыстардың алдын алу.Зорлық-зомбылық,нашақорлықтың,буллинг,кибербулингтің алдын алу бағытында профилактикалық құқықтық сағат өткізілді.Іс-шараға колледжіміздің директоры А.Дауленбаев,директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Есеналиев С.Е.,Жастар Ресурстық Орталығы Байқоңыр қалалық филиалының төрайымы, Қармақшы аудандық мәслихат депутаты Қабатова Индира Сериковна, Байқоңыр қалалық көпбейінді ауруханасының алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің маманы Келмаханова Жанар Сериковна, ҚР ІІМ Ювеналды полиция тобының инспекторы, Полиция капитаны Жакупов Нурлан қатысты.Қызылорда облысы бойынша орын алған қылмыстарға және құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты тусіндірме жұмыстары жүргізілді.

Құқық қорғау саласының арнайы мамандарымен өткізілген түсіндірме жұмыстары жастардың жаман істерден бойларын аулақ салуларының маңыздылығын көрсетіп берді.

 

 

 

 

Түсіндерме жұмыстары жүргізілді

 

12.11.2021 ж. “ Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі”білім беру мекемесінің бітіруші түлектерімен және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Есеналиев С.Е. қатысуымен “ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қоғау академиясына” оқуға түсу ережелерімен таныстыру мақсатында,Қармақшы ауданы Байқоңыр қаласы төтенше жағдайлар бөлімінің нөмірі 8 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Азаматтық қорғау капитаны Ә.Н.Ғалымжанұлымен үгіттеу-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп,арнайы дайындалған парақшалар таратылды.

Сонымен қатар “ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы” арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді

 

 

 

 

 

Дебат ойыны өткізілді.

 

12.11.2021 ж. Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінің дебат ұйымының студенттерімен Жастар Ресурстық Орталығы Байқоңыр қалалық бөлімінің аға кеңесшісі А.Ердаулетовпен және Жастар Ресурстық Орталығы Байқоңыр қалалық бөлімінің инспекторы Д.Толегеновтың қатысуымен ҚР-ның тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай “Еліміздегі жастар саясаты жетістіктерімен кемшіліктері” атты дебат ойыны өткізілді.Дебат сайысының басты мақсаты- қоғамда болып жатқан әлеуметтік және саяси құбылыстарға оқушылардың қызығушылығын туғызып отырып,логикалық ойлау қабілетін дамыту. Дебатқа “Ұшқыр ой”, “Бәйтерек”, “Болашақ” топтары қатысты.Ойын нәтижесінде “Болашақ”тобы жеңіске жетті.

 

 

 

 

 

АШЫҚ САБАҚТАР ӨТКІЗІЛУДЕ!!!

 

Қараша айының 9-шы жұлдызы күні "Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінің" арнайы пәндер оқытушысы Аслан Таласбай "Ескерту белгілері" тақырыбында “Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету жөндеу және пайдалану" мамандығының АНЖ-191 тобының 3 курс білімгерлерімен "Жол қауіпсіздігі мен ережелері" пәнінен ашық сабақ өткізді.Ашық сабақтың мақсаты- білім алушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту.Сабақтың кері байланыс кезеңінде аудитоиядағы білімгерлер сабаққа деген қызығушылығы жоғарлап, бұл пәнді оқудағы ынталарының артқаны байқалды.Сабақ барысында жеке,жұптық және топтық жұмыстар жүргізілді.Сабақта оқытудың озық инновациялық технологияларын қолдана отырып,студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырып,ойын элементтерін қолданып ашық сабақ өткізді.

 

 

 

 

 

 

Жастар арасында қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты насихаттау

 

Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғарғы колледжінде Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелерінің колледж студенттерімен кездесу өткізді.

Шара барысында бүкіл республика көлемінде 1500-ге жуық қоғамдық келісім кеңестері жұмыс істеп жатқандығы айтылды. Ассамблеяның негізгі қызметін атқарып отырған қоғамдық келісім кеңестері бүгінде қоғамымыздағы келелі істерді шешуде маңызды қызмет атқарып қана қоймай, ол — Ассамблея жанынан құрылып, жұмыс істеген ақсақалдар, әкелер, аналар, әйелдер, жастар кеңестері басын қосып, бірге жұмыла жұмыс істеуді қамтамасыз етуде. Осынау кеңестердің барлығы Қоғамдық келісім кеңесі деген атаумен қоғамдағы кез келген салада қордаланған мәселені шешуге белсене кірісуде. Республика көлемінде ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірінен құрылған қоғамдық келісім кеңестері қоғамда болып жатқан келеңсіз мәселелерді талқыға салып, нақты ұсыныстармен шешілу жолдарын қарастыруда.

Қоғамдық келісім кеңестері билік пен халық арасындағы алтын көпірдің қызметін атқаруда. Әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасылар, жастар жайын шешуде, ұсыныстарын жоғары жаққа жеткізіп, қордаланған мәселелердің шешілуіне де атсалысуда. Халықтың ойымен билік санасуы үшін ұсыныстар айтуда және тағы басқа мәселелерді шешуде жергілікті жердегі билік өкілдерімен қоса жұмыс атқарып отырғандығы айтылды.

 

 

 

 

 

АРТЫНДА ӨШПЕЙТҰҒЫН ІЗ ҚАЛДЫРҒАН...

 

Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінде техника ғылымдарының докторы, профессор, академик Серғазы Ахметұлы Жиенқұловты еске алу мақсатында ұйымдастырылған "Артында өшпейтұғын із қалдырған" апталығы аясында колледж студенттеріне жалпы пәндер оқытушысы Өмірзақ Шолпан Калибекқызы "Ғалым еңбегі, тарих тағылымы" тақырыбында танымдық тәрбие сағаты өткізді. Тәрбие сағат барысында академиктің өмір жолы, ғылыми еңбектері мен жетістіктері, әдеби туындылары жайлы мағлұмат берілді.

 

 

 

 

 

АРТЫНДА ӨШПЕЙТҰҒЫН ІЗ ҚАЛДЫРҒАН

СЕРҒАЗЫ АХМЕТҰЛЫ ЖИЕНҚҰЛОВ

(29.10.1933ж.-17.07.2020ж.)

 

25 қазан күні Академик С. А. Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінде академик Серғазы Ахметұлы Жиенқұловтың 88 жасқа толу туған күніне орай еске алуға арналған «АРТЫНДА ӨШПЕЙТҰҒЫН ІЗ ҚАЛДЫРҒАН» атты апталықтың ашылу салтанаты болып өтті. Колледж директоры, Қармақшы ауданының құрметті азаматы, профессор Дауленбаев Ануар ағай колледж студенттеріне академик С.А.Жиенқұловтың рухани құндылыққа толы өмірі мен еңбектері жайында мағлұмат беріп, студенттерді академиктің туылған күніне орай ұйымдастырылған апталыққа белсенді қатысуға шақырды.

 

 

 

 

Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Дауленбаева Шолпан Ануаровна "Білім беру ұйымдарын және білім беру бағдарламаларын аккредиттеу аясында сыртқы бағалаудың негізгі үрдістері" тақырыбында семинарға қатысқаны үшін сертификатталды.

 

 

 

 

 

Жеңісімен құттықтаймыз

 

. Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінің 1 - курс студенті Жарылқапов Еркебұлан Қызылорда облыстық "Дарын" орталығының ұйымдастыруымен өткізілген "Сыр бойы-астаналар ордасы" тақырыбындағы ғылыми конференцияға қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді.

 

 

 

 

 

 

АТТ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

 

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері «Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері» тақырыбында кездесу Байқоңыр қаласында жалғасын тапты.

Кездесуге «Қоғамдық келісім» КММ-нің директордың орынбасары Фархат Әбдібағдатұлы, «Қоғамдық келісім» КММ-нің бас сарапшысы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Ержан Уәйіс, аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы, Қоғамдық келісім және Аналар кеңестерінің мүшелері, аудандық этнобағытталған қоғамдық бірлестіктің белсенділері, БАҚ өкілдері қатысты.

Топ мүшелері іргелі ел, дербес мемлекет екенімізді əлемге жария еткен Тəуелсіздіктің ордалы 30 жылдығы жайлы сөз қозғады.

Кездесу өзара пікір алмасумен жалғасты.

 

 

 

 

 

АШЫҚ САБАҚ

 

Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінде 2021-2022 оқу жылындағы ашық тәрбие сағаттар кестесінің І жартыжылдық жоспары бойынша "Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу" мамандығының 3-курс, Ш-191 топ студенттеріне арнайы пәндер оқытушысы ЕРАЛИЕВА ШАРИКУЛ АБИЛЬХАНОВНА БЕЛДЕМШЕ АРТҚЫ ТІЛІКШЕСІН ӨҢДЕУ тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында студенттердің қызығушылығын арттыру мақсатында "Шаттық шеңбері" амандасу, "Кофе таяқшасы", "Миға шабуыл" сергіту сәті Жұмбақты шеш және БББ әдістері қолданылды.

Сабақтың мақсаты :Белдемшені өңдеуге қажетті шаблон мата,

ЫЖӨ жұмыстарын жүргізу

Белдемшенің артқы тілікшесін өңдеуден өткізу тәсілдерін түсіндіріп көрсету

Нұсқаулық картамен жұмыс жасау

 

Колледж студенті чемпион атанды

 

Академик С.А. Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінің "Оптикалық және электрондық жабдықтар"мамандығының 3- курс студенті Ералиев Дамир Таэквондодан Алматы қаласының ашық кубогына қатысып, І орынды иемденді.

Колледж мерейін республикалық деңгейде танытқан шәкіртіміз, ЕРАЛИЕВ ДАМИРДЫ оқу ордасы арнайы сый-сияпатпен құттықтап, алдағы Халықаралық додада жеңіспен оралуына сәттілік тіледі.

ӘРБІР СТУДЕНТТІҢ ШЫҒАР ШЫҢДАРЫ ӘРҚАШАН БИІК БОЛСЫН!

БІЗ ШӘКІРТТЕРІМІЗБЕН МАҚТАНАМЫЗ

 

 

 

 

Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Есеналиев Сакен Есеналиевич, арнайы пәндер оқытушылары Назарова Шынаргуль Ералиевна, Кожанова Баян Тойбазаркызы, Байтерекова Гүлжазира Алимовна, Шылмырзаева Фаризат Ержанқызы Қызылорда облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастырған Қызылорда облысы көлемінде педагогтар, мектеп инспекторлары, әлеуметтік педагогтарға арналған бағдарламасынан сәтті өтіп, сертификатпен марапатталды.

 

 

 

КӨҢІЛДІ ЭСТАФЕТА

 

. Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл толуын мерекелеу шарасы аясында "Жастар Ресурстық Орталығы" КММ-сі Байқоңыр қалалық бөлімінің басшысы, Қармақшы аудандық мәслихат депутаты И.С.Кабатованың қатысуымен "Арнайы" және "Жалпы" пәндер бірлестігінің арасында "Көңілді эстафета" атты спорттық сайыс өткізілді. Сайыс барысында "Арнайы" пәндер "Жас қыран", "Жалпы" пәндер оқытушылары "Жалын" тобы болып бақ сынасты. Сайыс нәтежесінде "Жас қыран" тобы жеңіске жетті.

 

 

 

 

АШЫҚ САБАҚТАР ӨТКІЗІЛУДЕ

 

. Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінде 2021-2022 оқу жылындағы ашық тәрбие сағаттар кестесінің І жартыжылдық жоспары бойынша "Оптикалық және электрондық жабдықтар" мамандығының 3-курс, О-191 топ студенттеріне арнайы пәндер оқытушысы Темирханова Сауле Темирхановна "Интегралды микросхема дайындау технологиясы" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Сабақ барысында студенттердің қызығушылығын арттыру мақсатында ой қозғау, сиқырлы шар, сиқырлы ұяшық және постер қорғау әдістері қолданылды. Сонымен қатар студенттер өздерінің тәжірибелік жұмыстарымен бөлісті.

 

 

 

 

 

МЫҢ АЛҒЫС САҒАН ҰСТАЗЫМ

 

Ұстаздық өте жауапты мамандық екені баршамызға белгілі. Ол – мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің де, ұлттың да, адамгершілік пен ерліктің де, жақсы мінез бен ақындықтың да нағыз жанды өкілі. Үнемі бала көзінде болу, әрдайым жинақы, таза, әдепті жүруді талап етеді. Кез келген уақытта шәкірттің қандай да болсын сұрағына білімділікпен жауап беруге тура келеді. Оған нақты, дәлелді, сенімді, көркем, жүйелі, тартымды сөйлеу керек. Ұстаздың әділдігі, адалдығы, батылдығы, мінез сұлулығы, іс пен сөз бірлігі, шыншылдығы, ұстамдылығы күн сайын балалар тарапынан баға алып отырады. Ол – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы. Ұстаз – мейірім, махаббат, сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдерінің көрігі. Ұстаз – білім беру сапасын арттыру саясатын тікелей жүзеге асырушы. Ол – мемлекетімізді құрметтеу жауапкершілігін шәкірттеріне жеткізіп дарытушы. Мемлекетіміздің өркениетті даму саясатының мектептегі насихатшысы да – ұстаз. Бір сөзбен айтсақ, мұғалім – мемлекет өкілі. Ол өзінің ісімен де, сөзімен де, жүріс-тұрыс мәдениетімен де, мектепте және мектептен тыс қоғамда Тәуелсіз еліміздің эталондық бейнесі болып табылады.

Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінің "Студенттік парламент" мүшелерінің ұйымдастыруымен колледж оқытушыларына арналған "Мың алғыс саған ұстазым" тақырыбында мерекелік құттықтау кеші өткізілді. Сонымен қатар, кеш барысында 1- курс студенттерін "студенттік қатарға" қабылдау өткізіліп, 1- курс студенттерінен ант қабылдап, "Оптикалық және электрондық жабдықтар" мамандығының 3-курс О-191 тобының студенті Холов Мухаммедали білім кілтін, колледж мәртебесін асқақтады деген зор үмітпен "Сандық технологиялар" мамандығының 1-курс, ТЭ-121 тобының студенті Санкибаева Жұлдызға табыс етті.

 

 

 

 

 

ДІНИ БІЛІМ АЛУДА АБАЙ БОЛ!

 

Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі білімгерлері мен "Қызылорда дін істер басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының Байқоңыр қалалық бөлімінің меңгерушісі Күнмырза Нұрсұлтан, "Жастар ресурстық орталығы" Байқоңыр қалалық бөлімінің кеңесшісі Төлегенов Досхан мен "Жастар ресурстық орталығы" Байқоңыр қалалық бөлімінің инспекторы Еллизерова Аймираның қатысуымен оқушылардың бойында ата-анаға деген ерекше жылы сезім қалыптастыру, ата-ананың бала өміріндегі рөлін түсіндіру, ата-ананы құрметтей, сыйлай білуге тәрбиелеу;

-Діни сауаттылығын арттыру;

- Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту;

- Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптастыру;

- Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру мақсаттарында кездесу өткізілді.

 

 

 

 

ҚАРТТАРЫМ АСЫЛ ҚАЗЫНАМ

 

Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінде 1-қазан Халықаралық қарттар күніне арналған салтанатты құттықтау болып өтті. Жиынға колледж директоры Дауленбаев Ануар, колледждің ардагер ұстаздары Муапикова Дамели және Ералиева Шарикул, колледжіміздің ардагер қызметкерлері Керимбеков Бакитбек ,Керимбекова Асылзат, Тен Владимир қатысты.

 

Введите текст

 

 

 

 

"ДОСТОЯНИЕ ОТРАСЛИ"

 

«Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» білім беру мекемесінің құрылтайшысы Бейсенова Айнаш Сергазовна 25.08.2021ж. Қазақстан Республикасының Ұлттық бизнес рейтингін ұйымдастыру комитетінің шешімімен «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» білім беру мекемесі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Дауленбаева Шолпан Ануаровнаны ұзақ мерзімді, сондай-ақ елеулі жеке үлесі мен салалық пайымдау үшін кәсіпорында жағдай жасау шешімдерді көрегендігі мен басқару даналығы үшін «САЛА ИГІЛІГІ» орденімен марапаттады.

 

 

 

 

Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінің директоры, "Қармақшы ауданының құрметті азаматы" Дауленбаев Ануар ағай барша ұстаздар қауымын Халықаралық ұстаздар күнімен құттықтайды!

 

 

 

 

 

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ - ҚАЗАҚ ТІЛІ

 

Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінде 27.09.2021 ж. Тілдер мерекесіне орай "Мемлекеттік тіл- қазақ тілі" тақырыбында тілдер апталығы басталып, апталық аясында қазақ тілі пәні оқытушысы Абуова Айгүлдің ұйымдастыруымен "үштілділік-заман талабы" тақырыбында дебат ойыны өткізілді.

 

 

1-ҚАЗАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ

 

"Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі" білім беру мекемесінің директоры Дауленбаев Ануар ағай барша ардагерлерімізді төл мерекелерімен құттықтады!

"Құрметті ардагерлер! Сіздердің бойларыңыздағы өмірге деген шексіз белсенділік,ерік-жігер бүгінгі жастарға үлгі-өнеге болып табылады. Сіздердің көпшілігіңіз өз жастарыңызға қарамастан өскелең ұрпақты тәрбиелеуде белсенділік танытып, еңбек еттіңіздер! Біз сіздердің бай тәжірибелеріңізді жоғары бағалаймыз. Еңбектеріңіз, шыдамдылық пен төзімділіктеріңізге алғыс білдіремін. Сіздерге баянды бақыт, мәнді өмір, зор денсаулық пен амандық тілеймін.

Құрметпен,

Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінің директоры,

Қармақшы ауданының құрметті азаматы А.Дауленбаев".

 

 

 

 

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ - ҚАЗАҚ ТІЛІ

 

Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінде 27.09.2021 ж. Тілдер мерекесіне орай "Мемлекеттік тіл- қазақ тілі" тақырыбында тілдер апталығы басталып, апталық аясынг орыс тілі оқытушысы Муапикова Дамелинің ұйымдастыруымен "Люби, центр и изучай русский язык" тақырыбында сыныптан тыс тәрбие сағаты өткізілді.

 

 

 

 

 

 

2021 жылы 30 қыркүйегінде «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі" білім беру мекемесінің студенттері ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің құқық қорғаушыларымен санитарлық талаптарды сақтай отырып кездесу өткізді. Бұл кездесу «Студенттер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу» тақырыбын қамтыды.

Жиынға студенттер және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сәкен Есенәліұлы, Ювеналды полиция тобының инспекторы, Полиция аға лейтенанты Исмайлов Батырхан Болатович қатыстысып, студенттерді жастар арасындағы қылмыстың салдарымен таныстырды. Жиында төмендегі тақырыптар қозғалды:

1. Азаматтық-патриоттық тәрбие мен рухани-адамгершілік құндылықтар;

2. Қоғамдық дамудың мемлекеттік бағдарламалары туралы;

3. Студенттердің арандатушылар ұйымдастыратын түрлі акция, қозғалыстарға қосылмаудың алдын алу мәселелері қозғалды;

 

 

 

 

 

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ - ҚАЗАҚ ТІЛІ

 

Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінде 27.09.2021 ж. Тілдер мерекесіне орай "Мемлекеттік тіл- қазақ тілі" тақырыбында тілдер апталығы басталып, 28 қыркүйек күні ағылшын тілі оқытушысы Мәрдісадық Гүлнұр Маратқызының ұйымдастыруымен "The leader of the 21 st century" тақырыбында интеллектуалдық сайыс өткізілді.

 

 

 

 

 

Тәуелсіз Қазақстанның Құрметті Педагогы

 

"Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі" білім беру мекемесі директорының оқу- ісі жөніндегі орынбасары Дауленбаева Шолпан Ануаровна Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл, Ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсаринге 180 жыл және «Мұғалімдер күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған «Тәуелсіз Қазақстанның Құрметті Педагогы» байқауы бойынша Республикалық «Білім шыңы–Ғылым сыры» журналының бас редакторы, «Білім шыңы» қоғамдық ұйымының төрағасы Б.Есен мырзадан «Тәуелсіз Қазақстанның Құрметті Педагогы» төсбелгі мен құрмет грамотасын алды.

 

БҮКІЛ ӘЛЕМ СӨЙЛЕЙДІ НАҚТЫ ҒЫЛЫМ ТІЛІНДЕ

22.11.2021 ж. “Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі”білім беру мекемесінде жаратылыстану пәндері бірлестігінің 22.11.2021-29.11.2021 ж. күндер аралығында өтетін “Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде” тақырыбындағы апталығыныңашылуы өтті.

 

 

 

«Тіл – әр ұлттың ең ұлы анасы»

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.

Тіл- мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті.

Мемлекеттік тілдің абыройын асқақтату – әрбір қазақстандықтың абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымызды, салт-санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекетік тілдің атқаратын қызметі орасан зор. Осыған орай​ Академик С.А. Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінің​ 1 – курс студенттерінің​ қатысуымен Тілдер мерекесіне орай «Тіл – әр ұлттың ең ұлы анасы» атты іс – шарасы өткізілді. Іс – шара барысында сайыстар ұйымдастырылып, белсене қатысқан студенттерді колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Есеналиев Сәкен Есеналиевич Алғыс хаттарымен марапаттады. Сонымен қатар колледждің кітапханашысы Әбдіхан Жансая Абылайханқызы «Кітапханаға саяхат» атты көрмесін ұйымдастырып, кітапхана ережесімен, міндеттерімен, құқықтарымен таныстырды.

 

 

 

 

 

2021 жылы 24 қыркүйекте «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» білім беру мекемесінің студенттері «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Байқоңыр қалалық филиалы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткізілген Орталықтандырылған кітапхана жүйесі КММ-нің Байқоңыр қаласы №1 кітапхана филиалында 1 қазан Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай, «Қарттарым –қазынам» тақырыбында қаламыздың ардагерлері, Байқоңыр қаласының дамуы мен өркендеуіне зор үлес қосқан еңбек ардагерлері, жеке тектік қор иелері «Байқоңыр аймақтық еңбек, мемлекеттік және әскери қызмет ардагерлерінің Кеңесі» қоғамдық ұйымын құрып, халық мүддесі үшін зор үлес қосқан ел ағасы Тыныштықбай Жаппасбайұлы Қожығұлов және Қызылорда облысының құрметті ардагері, «Кеңестік тұтыну кооперациясының үздігі» төсбелгісінің иегері Базарбай Нағыманов, Байқоңыр қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Т.Алмахановпен кездесіп, сұхбаттасты.

Кездесудің мақсаты халқымыздың асыл қазынасы – қарттарымызды құрметтеу, олардың ғибратты әңгімелерінен үлгі-өнеге алу.

 

 

 

 

 

Дебат клубының алғашқы отырысы

 

Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінде "ҰШҚЫР ОЙ " пікірсайыс клуб мүшелерінің алғашқы отырысы өткізілді. Отырыс барысында клубтың жылдық жоспары құрылып, клуб мүшелері сайланды.

 

 

 

 

 

 

ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДАН ҚОРҒАНУДЫҢ НЕГІЗГІ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

 

"Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі" білім беру мекемесінің медбикесі Пошанова Мөлдір Джусупалиевна колледж білімгерлеріне "Жұқпалы қорғанудың негізгі сақтық шаралары" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, COVID -19 короновирустық инфекцияның алдын - алу мақсатында дәріс өткізілді.

 

 

 

 

«Нашақорлыққа жол жоқ!»

 

Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінде облыстық білім басқармасы мен облыстық полиция департаментінің бірлескен жоспарына сәйкес нашақорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында студенттер арасында тренинг өткізілді. Тренинг барысында студенттерге есірткінің түрлері, оларды қалай тануға болатыны жайлы слайдтар таныстырылып, нашақорлықтың зардабы жайлы бейнеролик көрсетілді.

 

 

 

 

 

 

«Нашақорлыққа жол жоқ!»

 

"Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінде облыстық білім басқармасы мен облыстық полиция департаментінің бірлескен жоспарына сәйкес нашақорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында оқытушылар арасында семинар - тренинг өткізілді. Семинар барысында оқытушыларға есірткінің түрлері, оларды қалай тануға болатыны жайлы слайдтар таныстырылып, нашақорлықтың зардабы жайлы бейнеролик көрсетілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

КӨҢІЛ АЙТУ

 

Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінің ұжымы педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сайлыбаев Бақытжан Әбдіқалықұлының мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты отбасына және туған -туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын. Пейіште нұры шалқып, артындағы ұрпақтарына өмір берсін.

Халыққа сыйлы, ұстаздардың ұстазы болған, қаншама шәкірт тәрбиелеп шығарған Бақытжан Әбдіқалықұлының бейнесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ

 

Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы А.Б.Қасымованың 27.08.2021ж. бекіткен 1 ҚЫРКҮЙЕК «БІЛІМ КҮНІ» ІС-ШАРАСЫН ДӘСТҮРЛІ ФОРМАТТА ӨТКІЗУДІҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРУ АЛГОРИТМІ негізінде «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» білім беру мекемесінде 1-курс студенттеріне арналған салтанатты жиын санитарлық талаптарды сақтай отырып, дәстүрлі форматта өткізілді.

Салтанатты жиынды колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Дауленбаева Шолпан Ануаровна ашып беріп, колледж табалдырығын аттағалы отырған 1-курс студенттерін, колледж ұжымын құттықтап, жаңа 2021-2022 оқу жылында сәттілік тіледі.

Жиыннан кейін әр оқу тобына санитарлық талаптарды сақтай отырып, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жеке кабинеттерде «ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІ» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Сонымен қатар «Жаңа оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында колледж студеттерінің ата-аналарына онлайн форматта жиналыс өткізіліп, жаңа 2021-2022 оқу жылындағы оқыту форматына байланысты білім беру мекемесінің дайындығы туралы түсіндірме жұмысы жүргізіліп, сұрақтарға жауап берілді.

Еліміздегі барша ұстаздар мен білім алушыларды Білім күнімен және жаңа 2021-2022 оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрметті отандастар!

 

30 тамыз - еліміздің Конституция күнімен барлықтарыңызды құттықтаймын! Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. Барша қазақстандықтарға тыныштық, ашық аспан, береке мен азаматтық жауапкершіліктің көтерілуін, қоғамдық тұрақтылық тілеймін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болғай! Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін! Ана тіліміздің мәртебесі көтеріле берсін! Денсаулықтарыңыз зор болсын! Отбасыларыңыз үлкен-үлкен бақытқа кенеліп, еңбекте шалқар табыстарға жете беріңіздер. Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін.

Құрметпен,

С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінің директоры, Қармақшы ауданының құрметті азаматы А.Дауленбаев

 

Дважды щелкните, чтобы добавить свой бизнес-девиз

Дважды щелкните, чтобы добавить свой бизнес-девиз

Д

 

 

 

 

 

 

 

"ЛУЧШИЙ СПЕЦИАЛИСТ 2021"

 

«Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» білім беру мекемесінің құрылтайшысы Бейсенова Айнаш Сергазовна 2021 жылдың 25 тамыз айында Қазақстан Республикасының Ұлттық бизнес рейтингін ұйымдастыру комитетінің шешімімен «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» білім беру мекемесі директорының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша орынбасары Алимбаева Нургуль Кожантаевнаны жеке тиімділіктің жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізгені, міндеттерді жауапты орындағаны, бастамашылдығы және құндылықтарға берілгендігі үшін "ҮЗДІК МАМАН 2021" сертификатымен марапаттады.

 

 

 

 

 

 

 

 

" ЗА ПРЕДАННОСТЬ ПРОФЕССИИ "

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық бизнес рейтингін ұйымдастыру комитетінің шешімімен «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» білім беру мекемесінің директоры Дауленбаев Ануар ағайымыз жоғары жауапкершілік пен тиімділік, корпоративтік қағидаттарға бейілділік және кәсіпорын миссиясын іске асыруға елеулі үлесі үшін «КӘСІБІНЕ АДАЛДЫҒЫ ҮШІН» төсбелгісімен марапатталды.

 

 

 

 

 

 

 

"ЛИДЕР ОТРАСЛИ 2021"

 

«Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» білім беру мекемесінің құрылтайшысы Бейсенова Айнаш Сергазовна 2021 жылдың 25.08.2021 ж. Қазақстан Республикасы Ұлттық бизнес - рейтингінің қорытындысымен колледжіміздің Республика бойынша IV орынмен, Қызылорда облысы бойынша I орынмен ҮЗДІК 100 КӘСІПОРНЫНЫҢ қатарына кіріп, «АЛТЫН» дәрежелі «ЛИДЕР ОТРАСЛИ» куәлігін иемденуімен марапаттап, колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Дауленбаева Шолпан Ануаровнаға табыс етті .

 

 

 

 

 

 

 

«ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ» МӘРТЕБЕСІ БЕРІЛДІ

 

Жақында біздің «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» білім беру мекемесінде жаңа бағытта өзгерістер болды. Атап айтар болсақ, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қызылорда облысының әділет департаменті Қармақшы ауданаралық әділет басқармасының Заңды тұлғаны қайта тіркеу туралы 2021 жылыдң 8-шілдесі күнгі анықтамасына сәйкес «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» білім беру мекемесі болып өзгертіліп, колледж мәртебесі жоғары дәрежеге көтерілді.

Енді бұл колледж қолданбалы бакалавр мамандрын даярлайтын болады.

Жоғарғы колледж дегеніміз – интеграциялық білім беру, яғни, үш деңгейлі білім беру деген сөз. Бірінші деңгейі – екі жыл жұмысшы мамандығын дайындаймыз. Екінші деңгейі – колледж бағдарламасы бойынша мамандарды 1 жыл оқытамыз. Ал үшінші деңгейі – жоғарғы оқу орнының бағдарламасымен 1 жыл 10 ай даярлаймыз. Бізден түлеп ұшқан студенттер бакалавр дәрежесін алады. Яғни, жоғарғы оқу орындарындағы мамандықтарды біз де оқытатын боламыз.

Жоғары колледждің міндеті – ұлттық және халықаралық деңгейде талап етілетін, өмір бойы өзінің кәсіби және интеллектуалдық әлеуетін дербес жетілдіруге қабілетті, әлеуметтік белсенділік пен азаматтық-отансүйгіштік қаситтеттерге иеленетін бәсекеге қабілетті, жан-жақты жетілдірілген маман қалыптастыру үшін жағдай жасау.

Біздің колледж аймағымызда алғашқылардың бірі болып жоғары колледж статусына ие болып, қолданбалы бакалавр дәрежесін беретін бірден бір оқу орны болып отыр.

Іргетасы 2004 жылы қаланған - «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» - білім алушылардың, оқытушылардың, жұмыс берушілердің және басқа да мүдделі тараптардың мүдделері үшін жұмыс жасайтын заманауи білім беру жүйесі, ашық ақпараттық орта және заманауи инфрақұрылымы бар оқу орны. Колледжімізде заман талабына сай үш тілде сабақ оқыту тыңғылықты қолға алынған. Сондай –ақ, дуальді оқыту жүйесі де өз деңгейінде жүзеге асып келеді. Колледж ғимаратының техникалық жағдайы, оқушылардың білім алуы үшін санитарлық-гигиеналық талаптары сақталған. Колледждің оқу ғимаратының жалпы ауданы 3878,70 шаршы метр. Онда әр мамандыққа сәйкес, жалпы білім беретін және жалпы кәсіптік,арнайы пәндер үшін 21 оқу аудиториялары, 4 зертхана, 3 шеберхана, 2 компьютерлік класс, 1 лингафон кабинеті, ғаламтор желісіне қосылған компьютерлік, мультимедиялық аудиториялар, сапалы да терең білім алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар электронды оқу залымен жабдықталған 18570 кітап қоры (оның ішінде электронды оқулықтар 500 астам) бар кітапхана, акт залы, ауданы 196 м2 спортзал, алғашқы әскери дайындық кабинеті, дәрігерлік көмек көрсету кабинеті, буфет бар. Барлық кабинеттер керекті құралдармен және талапқа сай жабдықталған.

Біздің колледжде оқытудың жаңашыл әдіс - тәсілдерін, технологияларын пайдаланып, білім алушылардың сапалы, білімді де білікті маман болуына негіз болатын жоғары, І санатты, магистр оқытушылар білім беруде. Болашақта мықты маман болуға талпынған талапкерлер үшін «техник-механик», «техник-электромеханик», «заңгер», «техник-электронщик», «телекоммуникациялық байланыс жүйелер технигі», «бухгалтер», «туристік агент», «техник-құрылысшы», «құрылыс-әрлеу жұмыстарының шебері», «тігінші» мамандықтары ұсынылып, ойы сан - салада жүрген жастарға дұрыс бағыт - бағдар көрсетіледі. Біздің колледжді үздік бітіруші әрбір түлекке мемлекеттік үлгідегі дипломмен бірге тәуелсіздік бағалау сертификаты қоса беріледі.

Жас дос, осындай жоғары дәрежеде білім беретін «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжіне» келіп білім алыңыз, есігіміз талапкерлер үшін әрқашан ашық.

 

 

 

 

 

 

 

ҰСТАЗ ЕСІМІ МӘҢГІ ЕСІМДЕ

 

Елiмiзге белгiлi ғалым Серғазы Ахметұлы Жиенқұловтың есімі жадымыздан мәңгі өшпек емес. Себебі, ғалым ағамыздың қарапайым да бекзат, білімді де білікті, мәдениетті де зерделі ұстаз қалпын Қазақстанның зиялы қауымы түгел танып, құрметтейтін. Қазақ азаматтың бағасын бергенде «текті жердің азаматы» деп жайдан-жай айтпаса керек. Ол жағынан алсақ, Серғазы Жиенқұловтың арғы аталары – бір жағы әйгілі Құнанбаймен, екінші жағы Тезек төремен құдандалы игі жақсылар. Мұны былай қойғанда, Алматының сауда тарихын әйгілейтін «Қызыл таң» дүкенін Серағазы Ахметұлының аталары мен Д.Қонаевтың әкесі қатар ұстаған. Ал, енді өнер тарихына келсек, біртуар Шара Жиенқұлова – Серғазы Ахметұлының немере әпкесі.

Адами ғұмырын ұрпақ тәрбиелеуге, ағартушылыққа арнаған ғалым –ұстаз Серғазы Ахметұлының тәлімі мол, өнегелі ғұмыры өзгелергі үлгі.

Серғазы Ахметұлы Жиенқұловтың есімі Байқоңыр өңірінде техникалық маман болып шығатын жастар өмірімен де тығыз байланысты. Біздің Байқоңыр өңіріндегі Қазақстанның білім беру стандартымен білім беретін, бүгінгі заман талабына сай – экономист, электромеханик, заңгер - кеңесші, байланыс технигі, экономист - бухгалтер, турагент, құрылыс технигі, тігінші секілді мамандар даярлайтын бірден бір оқу орны - «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» білім мекемесі.

Ең әуелі колледж тарихынан бір – екі ауыз сөз қозғар болсам, сонау 1998 жылы бұрынғы Қазақстан Инженерлі Техникалық Университетінің базасында Техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық машина жасау жəне көлік ғылым академиясының, Ресей Халықаралық көлік академиясының академигі Серғазы Ахметұлы Жиенкуловтың басшылығымен құрылған болатын. Міне, біздің колледж осы университеттің базасының негізінде құрылған еді. 2004 жылы университет базасында «Байқоңыр «Космос» колледжі» болып ашылған еді. Колледж директоры Ануар Дауленбаевтың бастамасымен 2016 жылдың шілде айынан бастап академик Серғазы Ахметұлы Джиенкуловтың аты беріліп, «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» болып аталды.

Колледжімізде өткен халықаралық конференциялар мен колледждің құрылғанына 10 жыл толуына орай ұйымдастырылған көптеген шараларға елімізге белгілі тұлғалар келіп, білімгерлеріміз олардың ғибратты, тәрбиелі өмірінен үлгі алып, үлкен өмірге қанаттанды. Колледжімізге сол кездегі ҚР Білім және ғылым вице министрі Есенғазы Иманғалиев ағайымызда келген болатын.

Мен білімімді жетілдіру жолында Алматы қаласында оқыған кезімде, кейін техникалық колледждер арасындағы сан түрлі ғылыми конференцияларға қатысып, ғылыми жобаларды қорғау мақсатында ұстазым Серғазы Ахметұлының ақыл-кеңесін алып тұрдым. Шәкірті десе ішкен асын жерге қоятын ұстазым Серғазы Ахметұлы жаны жайсаң, білімгеріне бар білгенін үйретсем дейтін нағыз жанашыр ұстаз еді.

Тәуелсіз қазақ еліне қазіргі кезде осындай рухы асқақ, ұстаздық ісі ұлағатты, жастар талантын терең таразылайтын, адамгершілігі жоғары, ойы биік, білгір ұстаздар керек. Серғазы Жиенқұловтың көрегендігі, ақ көңіл, қамқор пейілі, адамгершілік асыл қасиеті баршамызға өнегі, бәрімізге ғибрат. Ұстаздық ету, ғалым болу, ғылым мен білім саласын ұтымды пайдалану Серғазы Ахметұлының тұлғалық бейнесін нақты сипаттайды. Серғазы Ахметұлы нағыз ұстаздық биікке көтерілген нар тұлға деп тануға әбден лайықты жан.

Елімізге белгілі ғалым ағамыздың есімі мен үшін үлгі тұтар үлкен ұстаз келбетінде мәңгілікке қалатыны сөзсіз.

 

 

 

 

 

 

ІНДЕТТІ ЖЕҢУДІҢ БАСТЫ КІЛТІ-ВАКЦИНА

 

Коронавируспен күресуде ұжымдық иммунитет қалыптастыру аса маңызды деп ойлаймын. Қоғам алдындағы міндетімізге үлкен жауапкершілікпен қарап, Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінің ұжымы Covid-19 жұқпалы індетінен сақтану мақсатында Байқоңыр қалалық көп бейінді ауруханасында ерікті түрде екпе салдырдық. Біздің қоғамда мәселенің маңыздылығын түсіну үшін «ауырып алып» қимылдайтынымыз, басымызға таяқ тимейінше ойланбайтынымыз қынжылтады. Сондықтан «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»,- деген халық даналығын әр адам жадында ұстап, саналы әрекетке көшу керек.

 

 

 

 

 

 

 

30.06.2021жылы "Академик С.А.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр колледжі" білім беру мекемесінде 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша педагогикалық кеңес болып өтті.

Педагогикалық кеңес барлық білім беру мекемелерінде жұмыс істеуге тиіс. Педагогикалық кеңес оқу-тәрбие жұмысының негізгі мәселелерін қарау үшін құрылған жұмыс орталығы онда қаралатын мәселелер – колледждің жылдық оқу-тәрбие жоспарында атап көрсетіледі және онда қаралып бекітіледі.

Педагогикалық кеңесте оқу-тәрбие жұмыстарының өзекті мәселелері талқыланып, нақты шешімдер қабылданады.

Біздің мақсатымыз- жеке тұлғаны қалыптастыруға және бағытталған білікті кадрлар мен техникалық мамандарды даярлау болып табылады. Колледж интеграцияланған техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білімнің модульдік білім беру бағдарламаларын іске асырады.

Колледжіміз алғашқы түлектерін 2007 жылы қанаттандырды. Міне сонан бері мыңдаған маман диплом алып, республикамызда, Ресей Федерациясында өндірістің әр саласында жұмысқа орналасты.

Кәсіптік-техникалық мамандар даярлау бүгінгі күннің басты тақырыбына айналды. Ең бастысы кәсіптік техникалық білім алуға қоғамда оң көзқарас қалыптаса бастады.

Біздің колледж еліміздің білім беру саласында өзіндік сара жолы бар киелі шаңырақ, іргелі оқу ордасы десек артық айтқандық болмас. Мағыналы да мазмұнды колледж өмірі - өзіндік ерекшелігі таусылмас мол шежіре. Әрбір күні өзгеріске толы ақпараттық қоғамда колледж ұжымының басты бағдары - жоғары деңгейдегі қабілетті, сапалы мамандар дайындау.

Заман талабына сай мамандар даярлайтын "Академик С.А.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр колледжі" білім беру мекемесі тағы бір оқу жылын ойдағыдай аяқтап, алдағы жылдан үлкен үміт күтеді.

Колледжімізден биылғы оқу жылында 91 түлек бітіріп шықты. Қалаған мамандық иелері атанған түлектерімізге сәттілік тілей отырып, алдағы уақытта мамандық таңдаушы талапкерлерге әрдайым есігіміз ашық екенін айтқымыз келеді.

 

 

 

 

 

 

БАСШЫМЫЗДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

 

«Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» білім беру мекемесінің директоры Дауленбаев Ануар ағайды Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті түлектерінің Ассоциациясы президенті Б.Ж.Абдикаримов «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» төс белгісімен марапаттады!

Құрметті Ануар ағай, бұл құрметті атақ - адал еңбектеріңіздің жемісі. Осындай жауапкершілігі жоғары қызметіңізде толағай табыс және отбасыңызға амандық, ұзақ өмір тілейміз!

 

 

 

 

ОҚУШЫЛАРҒА КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

 

Кәсіптік бағдар беру жұмысы бүгінгі таңда өзекті сұрақтардың қатарында. Себебі қазіргі таңда түлектерге кәсіби бағдар ұсынып, өзгерістерді түсіндіріп, кеңес айту өте маңызды. Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжінің ұжымы осыған орай жоспарлы түрде жүйелі жұмыстар жасауда.

Үстіміздегі жылдың сәуір айында колледждің педагог мамандары Байқоңыр қаласындағы, Ақай елді-мекені мен Төретам кентіндегі №85, №99, №269, №273, №275, №277, №279, мектептермен екі жақты кәсіби бағдар беру бойынша жасалған келісім-шарт негізінде, 9-сынып бітірушілерімен және олардың ата-аналарымен кездесіп, жастар мамандық таңдауда қателік жібермей, өз тағдырын дұрыс таңдауы өте маңызды екенін түсіндірді. Қазақстан Республикасында 2021-2022 оқу жылында колледжге құжат тапсырып, оқуға түсу алдыңғы жылдардағыдай емес, өзгеше болатындығы түсіндіріліп, колледжмізде оқытылатын мамандықтар жайлы толық ақпарат беріліп, қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Адам асқақ арманға, биік мақсатқа ұмтылады. Әр мамандық өзінше тартымды, өзінше ерекше, қажетті болып саналады.

Болашақ студенттер, Сіздер қазір өмірлеріңіздің жауапты сәттерінің бірінде, таңдау үстінде тұрсыздар. Осы таңдауларыңыздан қателеспеу үшін сіздерге болашақ мамандықтарыңызды таңдаған кезде өздеріңізді болашақта армандаған белгілі бір саланың жай ғана маманы емес, үздік маманы бола аламын деп және үлкен жетістіктерге жете алатындарыңызға ішкі жан-дүниелеріңізбен сенімді болыңыздар! Сонда Сіздер тандауларыңыздан қателеспейсіздер. Армандарға қол жеткізу бірінші жасаған қадамнан басталады, сол бірінші қадамдарыңыз, таңдауларыңыз сәтті болуына тілектеспіз.

 

 

 

 

 

4 МАУСЫМ — МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

 

Барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағы биіктен желбіреп, мәртебесі одан әрі арта берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Осы мереке күні Сіздерге зор денсаулық, бақыт, сәттілік тілеймін, елімізде мәңгі тыныштық, бейбітшілік болсын! Отанымыз - Қазақстан Республикасы гүлдене берсін!

Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжінің директоры, «Қармақшы ауданының құрметті азаматы» А.Дауленбаев

 

 

БАСШЫМЫЗДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

 

«Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» білім беру мекемесінің директоры Дауленбаев Ануар ағайды Ресей Федерациясының Байқоңыр қалалық әкімшілігінің басшысы К.Д.Бусыгиннен табысталған «Адам баласының ғарышқа ұшқанына 60 жыл» медалімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті Ануар ағай, бұл құрметті атақ - адал еңбектеріңіздің жемісі. Осындай жауапкершілігі жоғары қызметіңізде табыс және отбасыңызға амандық, ұзақ өмір тілейміз!

 

ЖАСӨСІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

 

26.05.2021ж. «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» білім беру мекемесіне Қызылорда облысы Білім басқармасы басшысының орынбасары Б.Бердаулетовтің 21.05.2021жылғы №07-20/2126 сандық хатына сәйкес «Қызылорда облысының білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың алдын алуды түсіндірудің бірлескен жұмыс кестесін» басшылыққа ала отырып, студенттерге жол қауіпсіздік ережелерін сақтау, су және от секілді тілсіз жаудың алдын алу, жасөспірімдер арасындағы жыныстық сипаттағы қылмыстардың алдын-алу, жасөспірімдердің құқықтық жауапкершілігін түсіндіру мақсатында ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта біріңғай топ жұмыстары өткізілуде. Шараға ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің әкімшілік полиция бөлімінің, ЮП тобының инспекторы, полицияның аға лейтенанты Исмаилов Батырхан Болатұлы; колледж мейірбикесі Камилова Жанар; колледж психологы, психология магистрі Сабырбай Бекболат қатысты.

Шара барысы жасөспірімдер ойларында жүрген сұрақтарын қойып, өздеріне қажетті мағлұматтар алды. Болашақта жасөспірімдермен әңгіме, жеке кеңес, жиналыстар өткізілу жалғасын табады.

«СЕН ТУҒАН ҚАЗАҚСТАНЫҢДЫ БІЛЕСІҢ БЕ?»

Биыл тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл. Осы 30 жыл ішінде еліміз талай белестерді артта қалдырды. Біздің еліміз бай, әрі қуатты ел. Тәуелсіздіктің әр күні, әр айы тарихи өзгерістерге толы болды. Наурыз айында «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» білім беру мекемесінде «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу» жөніндегі іс-шаралар жоспарына орай «Сен туған Қазақстаныңды білесің бе?» атты білімгерлер арасында сурет және эссе жазу байқауы болып өтті. Туған елге, жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында «Тарих» пәнінің оқытушысы Өмірзақ Ш.Қ., «Биология» пәнінің оқытушысы Назарбаева Ж.С. ұйымдастыруымен атқарылған іс-шаралар өз деңгейінде өтті.

Шараға қатысқан білімгерлерге жүлделі орындар беріліп, колледж директорының алғыс хаттарымен марапатталды.

«ЖАС ЖҮРГІНШІ»

Колледжде өткізіліп жатқан «Қауіпсіз жол» апталығының іс-шаралар жоспарына сай Айтуганова С.Б., Баттал Г.Е. студенттер арасында «Жас жүргінші» танымдық ойындар сайысын өткізді. Сайыстың басты мақсаты студенттерді жол жүру ережесімен таныстыру, жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру, жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, әдептілікке, өзара достыққа тәрбиелеу. Шараға «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» және «Туризм» мамандықтарының 1 курс білімгерлерінен құралған топтар қатысты.

Сайыс нәтижесі бойынша:

1 орынды «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану»;

2 орынды «Туризм»;

3 орынды «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының білімгерлері иеленді.

«СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ»

Бүгін, Қызылорда облысы Білім басқарма басшысы А.Қасымованың "Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 2020-2021 жылдары орын алған суицид, зорлық-зомбылық іс-әрекеттерінің алдын алу шаралары туралы" іс-шаралар жоспарына сәйкес «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» білім беру мекемесінің педагог-психологі, психология магистрі – Сабырбай Бекболат Еділбайұлы колледж білімгерлеріне «Суицидтің алдын алу жолдары» атты дөңгелек үстел өткізді. Шараның басты мақсаты cалауатты өмір салтын ұстану жайлы түсініктерді қалыптастыру, жасөспірімдердің психофизологиялық денсаулығын, дамуын есепке алыу, жеке тұлғаның ерекшелігін жан-жақты зерттеу және дамыту, жасөспірімдер арасында суицид әрекетін болдырмау.

Дөңглек үстел барысында Сабырбай Б.Е. баяндама оқып, өз кеңестерін ұсынды және тәжірибесімен бөлісті. Қиын жағдайларда кімдердің көмегіне жүгіну керектігі туралы кеңінен түсіндіріп шықты. Оған қоса, , тренинг элементтерін қолданып және психологиялық кітапша таратты .

Аталмыш іс-шара бойынша білімгерлер тақырыпқа байланысты ойларын ашық айтып, пікірлерімен бөлісті. Кездесу барысында студенттер суицидтің не екенін, оның түрлі белгілірі мен факторларын және психикалық бұзылыстардың алдын қалай уақытылы алуға болатынын, сонымен қатар, қиындықтарды қалай жеңу керек екенін, өздеріне және достарына қалай көмектесу керек екенін және психикалық денсаулықты қалай нығайту керек екенін білді.

«ӨЗІҢДІ ТАНУ – ӨМІРДІ ТАНУ»

ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ

Адамның өз «Менің» сезіне бастауын Абай атамыз тілімен айтқанда, кісінің өзіне-өзі ұдайы есеп беруінен, өзін-өзі аңғара, байқай алу қабілетінен көрінеді. Біріншісі – өз бойындағы берекесіздіктен, екіншісі – тұйықтықтан, үшіншісі – ұялшақтықтан арылғысы келеді.

Тренинг ағылшынның «Тот Райн» – ойын, жаттығу деген сөзінен шыққандығын, яғни сабақ емес екендігін білесіздер. Бүгінгі топтық-психологиялық тренинг тәжірибелік-психологиялық әдіс ретінде, коррекцияның негізгі құралы ретінде де қолданылады. Мақсаты әр адам бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін, жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру.

Іс шара барысныда психология магистрі, колледж педагог-психологі – Сабырбай Бекболат Еділбайұлы қатысушыларға тренинг жүргізіп, өз тәжірибесін көрсетті. Білімгерлер белсене атсалысып, өздерін жаңа қырынан тануға мүмкіндік алғанын, көңіл-күйлерінің жақсарғанын айтты. Кездесу соңында колледж студенттерімен кері байланыс жасалып, туындаған сұрақтар мен ұсыныстарға психолог тарапынан жауап берілді.

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Баршаңызды халқымыздың ең ұлы мейрамы, адам баласы мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін - Наурыз мерекесімен шын жүрегімнен құттықтаймын!

Күллі шығыс жұртына ортақ мереке - Наурыздың тарихы тым тереңде жатыр. Күн мен түн теңелетін, ырысы мол мереке біздің жан - дүниемізді шуаққа бөлейді, ой - ниетімізді таза арнаға бұрады. Бұл кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түсіністіктің мерекесі. Бұл күні біз өткен жылы жасаған жұмысымызға есеп беріп, келешекке жоспар құрамыз, тәуелсіз еліміздің өркендеп, өсуі жолында жаңа бастамаларға негіз қалаймыз. Наурызда айтылған барлық тілек қабыл болады деген де наным бар.

Қазіргі уақытта Наурыз жаңа сипатқа ие болды, ұлтына, діни сеніміне қарамастан Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттар мен ұлыстардың ортақ мерекесіне айналды. Халықтар арасындағы достықты бекітуге, бауырластық қарым - қатынастардың нығаюына, әр ұлттың салт - дәстүрінің қайта жаңғыруына осы мейрам үлкен үлесін қосып отыр.

Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін. Баршаңызға амандық, саулық, дастархандарыңызға молшылық тілеймін!

Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжінің директоры, «Қармақшы ауданының құрметті азаматы» А.Дауленбаев

19 НАУРЫЗ – «ШЫМЫРЛЫҚ ПЕН ШЕБЕРЛІК КҮНІ»

«ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР –РУХАНИ БАЙЛЫҒЫМЫЗ»

Ұлттық ойындар - ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді.

Қазақтың ұлттық ойындары: Бес тас, Алтыбақан, Тоғызқұмалақ, Теңге алу, Қыз қуу, Аударыспақ, Жамбы ату, Асық ойнау, Қол күрес, Ақсүйек т.б.спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға да ие болды.

Колледжімізде «Дене тәрбиесі» пәні бойынша оқытушылары Құрманбеков С.С., Бахытов А.Б., Беркімбаева А.Ш. білімгерлер арасында «Ұлттық ойындар –рухани байлығымыз» тақырыбында сайыс өткізді. Сайысқа білімгерлерден құралған «Сұңқар», «Қыран», «Тұлпар» топтары қатысты.

«Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әралуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек» – деп ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы атап өткендей, атадан балаға мирас боп, бүгінге жеткен мәдени құндылығымыздың бір бөлшегі, ұлттық ойынымызды бүгінгі тарих бетінен өшірмей, келер өскелең ұрпаққа жеткізу біздің басты – парызымыз.

САБАҚ БАРЫСЫНДА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ

Колледждің оқу - әдістемелік жұмысының екінші жартыжылдық жоспарына сәйкес бекітілген кесте бойынша «Сабақ барысында әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану» тақырыбындаколледжішілік оқытушылар арасында өзара тәжірибе алмасу сабағы өткізілді. Сабақтың мақсаты: колледж оқытушыларының бір-бірімен тәжірибе алмасып, жаңартылған білім берудің тиімділігі мен ерекшеліктерін меңгеру және білімгерлерге сабақ берудің сапасын арттыру.

Бекітілген кестеге сәйкес «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының ІІ санатты оқытушысы Ералиева Шарикуль өзінің сабақ барысында қолданатын әдіс - тәсілдерімен, тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар «Тарих» пәнінің ІІ санатты оқытушысы Өмірзақ Шолпан Қалыбековна, «Алғашқы әскери дайындық» пәнінің ІІ санатты оқытушысы Құрманбеков Сырым Серікұлы жаңартылған білім беру жүйесінің ерекшеліктерін сабақ барысында түсіндіріп, тәжірибе жүзінде көрсетті. Колледж оқытушылары тақырыпты талдап, ой-пікірлерімен бөлісті.

Сабақ соңында колледж директоры Дауленбаев Ануар ағай сөз алып, «Оқу-тәрбие әдісінде иновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білімгерлердің білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салады. Сондықтан әрбіріңіз өз білімдеріңізді үздіксіз жетілдіріп, шыңдап отыруларыңыз керек», - деп қорытындылады.

16 НАУРЫЗ -ШЕЖІРЕ КҮНІ

  Кеше колледжімізде колледжішілік «Наурыз мейрамы» апталығының іс-шаралар жоспары бойынша «Шежіре күні» аталып өтілді.

  16 наурыз – Шежіре күні. Бұл күні отбасының, ел-жұрттың, жеті атаның тарихы айтылып, шежіресі таратылады. Сонымен қатар, жұртшылық мал сойып, өткен-кеткен ата-бабаларына құран бағыштайды. Ағайын-туған, көрші-қолаң таяуда ғана жақынынан айырылған отбасылардың үйіне барып, дастарханынан дәм татады. Әр отбасының үлкендері өмірден өткен ата-бабаларының, ағайын-бауырдың жақсы істерін, қуанышты сәттерін кейінгі ұрпаққа әңгі!мелеп береді. Елдің, өлкенің тарихы, ерлігі баяндалады.

  Осы күні студеттерге «16 Наурыз -Шежіре күні – «Бабалар үні» тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Тәрбие сағаты барысында танымдық-ақпараттық бейнетаныстырылым жасалып, «шежіре» сөзінің түп-төркіні, мән-мағынасы ашылды.

Тарихымызды танып, шежіремізді ұмытпайық